Жоғары

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.

...

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Аталмыш кешке аудандық ішкі саясат, Қазынашылық бөлім, Мұрағат, Музей мекеме қызметкерлері, аудан ақсақалдары, Ы. Алтынсарин, Ж. Ақылбаев атындағы мектеп ұстаздары мен оқушылары және де аудандық мектеп интернатының тәрбиешісі мен оқушылары қатысты. Кеш тізгінің кітапханашылар Б. Амангельдинов пен Б. Шидербекова ұстап, көрермендер назарына «Желтоқсан көтерілісіне» арналып дайындалған деректі бейнеролик ұсынылды. Кеш барысын орталық кітапхана директоры Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызы еліміздің мерейлі мерекесі, арайлы азаттығы «Тәуелсіздік күнімен» құттықтап бастап, бүгінгі бейбіт елдің ұландарына қойылатын басты талап жаңа заманға сай озық білім мен ізденімпаздық қабілет екендігін және осынау талапқа жеткізер бірден – бір басты құрал кітап оқу арқылы келетіндігін ескертіп, барша көрермен қауымды кітап оқуға шақырды. Және осынау мереке қарсаныңда кітапхана атынан облыстық «Абай тағылымы – халық даналығы» атты ХІІ Абай оқуларына қатысқан Советова Назерке, Тойғанбай Ілияс, Сайран Аружан, Балтабаева Ақнұрға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Аудан ақсақалдары атынан Амангелді ата жастарға батасын берді.Сонымен қатар, кешке арнайы шақырылған аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия жанынан құрылған аналар кеңесінің төрайымы, мәдениет қайраткері Ахметова Гүлшара Қамиқызы барша қазақ елін төл мерекесімен құттықтай отыра, Елбасының тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендету жолындағы ерен еңбектері мен маңызды мақалаларына тоқталып өтті. Дәл осындай жылы лебізін білдірген аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сейітжанов Думан Сәулеханұлы Тәуелсіз қазақ жұртының өткені мен бүгіні туралы тарихқа шолу жасап кештің маңыздылығын арттыра түсті. Кеш керуені ішкі саясат бөлімінің қызметкері Бәкенов Мадияр Жанатұлының орындауындағы «Мен қазақпын» атты әдемі әнге ұласып, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының кітапханашысы Арайлым Серікбаеваның жетекшілігімен келген оқушылар Мейренбай Наргиза , Хамит Ұлболсын, Бөгенбай Диас , Қуанышбек Нұрбек , Мұқатай Айым тәуелсіздік туралы жырларын оқыды. Келесі кезекте аудандық мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Сүлейменова Тұрсынкүл бастаған оқушылар Синанова Юля , Аман Аяулым және кітапхананың ең жас оқырманы Советов Мансұр Мақсатұлы мерекеге жырдан шашу шашты. Кешке жиналған оқырман қауымға арналып «Ойлан, ойлы оқырман!» атты интелектуалды ойын ойнатылып қатысушылар сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шараға арнап әнші Думан Молдабеков «Өз елім» әнің шырқап, кітапхана ұжымы атынан кітапхана мен оқырман арасын жақындату мақсатында оқушылардың әр түрлі шараларға белсенділік танытуына ұйытқы болған ұстаздар Тәжібеков Серікбол Дәулетұлы, Серікбаева Арайлым, Сүлейменова Тұрсынкүл және оқушыларына «Алғыс хаттар» тапсырылды. Кеш соңы қонақтардың тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп таңғажайып өмір кешіп жатқан жеткіншек жастарға үлгі боларлық осындай игі шаралар жалғасын таба берсін деген ақ тілектерімен аяқталды.

тағы сурет:


Келулердің саны: 1035