Жоғары

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық орталық кітапханада «Поэзия! менімен егізбе едің?» атты поэзия кеші өтті.

...

Кеш барысында Мұқағалидай – ғажайып сыршыл ақынның жырларын кітапхана оқырмандары мен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясы базасындағы тірек мектебінің кітапханашысы бастап келген оқушылары жырларын жатқа оқыды. Кітапханашылармыз дайындаған «Мұқағали поэзия - мұзбалағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға әдеби шолу жүргізілді.

Ж.Ақылбаев атындағы мектеп –гимназиясының ұстаздары, оқушылары ақынның туған жерге, отанына арналған патриоттық ән жырларынан шашу шашты. Қарасаздың қыран ұлы жампоз жырдың дүлдүлі М.Мақатевқа арналған поэзия кешінде ән шашу ретінде кітапхана оқырмандары ақынның әндерін тамылжыта орындады. Келген оқырмандармыз кеш соңында ақын жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 723