Жоғары

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Агротехникалық колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына арналған «Ауған жарасы жұрт жадында» атты тарихи сағат өткізілді.

...

Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы А.Сулейменова ауған соғысы туралы жинаған мәліметпен таныстырып тарихи сағатты жүргізді.

Кітапханашы М.Құнанбаева «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты слайд көрсетіп , ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің өмірбаяндары жайлы айтып өтті.

Кітапханашы А.Исатаева «Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырып , таныстырып өтті.

Кітапханашы Г.Ахтаева дайындаған   «Ауғандағы отты жылдар» атты бейне роликті көрсетіліліп, студенттермен пікір алмасты.

Жасөспірімдер әдіскері Д.Жолдыбекова кітапханамызды насихаттап, оқырмандармызға «Ауған ақиқаты» атты жаднамаларды таратты.

Колледж ұстаздары Д.Қ.Төлеуов , Ж.И.Сагимбаева, А.М.Амантаев, А.Т.Бекеевалар тарихи сағатты қорытындылай өз тілек лебіздерін білдірді.

Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 638