Жоғары

Аудандық орталық кітапханада «Кітапханаға саяхат – жас бүлдіршінге бағыт» атты саяхат өткізілді

...

Ы. Алтынсарин атындағы мектептің ұстазы А.М.Әбішева бастап келген болашақ оқырман оқушыларымен кітапханамызда саяхат өткізілді. Оқушыларды кітапханашы М.Құнанбаева қарсы алып, кітапхананың тыныс тіршілігімен таныстырып, әр бөлімнің атқаратын қызметіне тоқталып өтті. Саяхаттап келген оқушыларға кітапханашы А.Исатаева « Келешегі кемел Шет өңірінің сырлы шежіресі» атты кітап көрмесімен таныстырырды. «Балалар кітапханасына жиі барасыңдар ма?» атты сауалдар қойып,болашақ оқырмандармызбен сұрақ жауап алысты. Оқушыларға Шет өңірінің ақын – жыраулары мен батырлары жайлы көптеген құнды мәліметтер берілді.

 Тағы суреттер


Келулердің саны: 634