Жоғары

1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапхана «Алғыста шек болмайды» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мектеп жанындағы интернатта жатып оқитын оқушыларға өткізді.

...

Акция барысында мұқтаж балаларға қайырымдылық көмегі көрсетіліп, Алғыс айту күніне орай кітапханашыларымыз дайындаған сыйлықтары бар қызықты ойындар ойнатылды. Қайырымдылықты, ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні мерекесі қарсаңында кітапханашылар қайырымдылық жасап, интернат тәрбиеленуші балаларға мейірімділік пен шаттық сыйлады. 1 наурыз - «Алғыс айту» күнімен құттықтап, шарапаты мол игі іске атсалысқан кітапханашыларға интернат тәрбиешілері мен балалар өз алғыстарын білдірді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 943