Жоғары

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын Алтай Сметтің 80 жылдығына арналған «Өткір өлеңімен өрлеген» атты аудандық мүшәйрасы өткізілді.

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдік ғимаратында наурыз айының 14-і күні Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Шет ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері, жергілікті ақын Алтай Сметтің 80 жылдығына арналған «Өткір өлеңімен өрлеген» атты аудандық мүшәйрасы өткізіліп, көпшілік назарына «Жырымен жұртын тербеткен» атты кітап көрмесі қойылды. Сайысты Агро-техникалық колледжінің мұғалімі Қ.Қалижан жүргізді. Мүшайраның шымылдығы Алтай ағаның сөзіне жазылған «Қыз сипаты» әнімен ашылып, көрермен көңілін домбыраның әуені бір серпілтіп тастады. Аудан әкімі М.Жандәулетов пен Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұловтың құттықтауын аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин жеткізіп, ақын иығына құрметпен шапан жапса, осы шараның ұйымдастырушысы Шет аудандық орталықтандырылған жүйесінің директоры М.Нурпеисова естелік сыйлық табыстады.Сайысқа ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын оқырмандары мен қаламдас ағалар, Ағадыр кенті әкімінің орынбасары, ауылдық, кенттік кітапханашылар қатысты. Байқауға барлық өңірден 34 үміткер бақ сынасып, соның ішінен қазылардың сынынан өткен таңдаулы ақындар мен көркем сөз шеберлері марапатталды. Ауданымызға белгілі ақындар мен тіл жанашырлары төрелік еткен байқаудың шешімімен арнау номинациясы бойынша Бас жүлде – Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Б. Амангельдинов, 1 – орын Ақжал кентінің тұрғыны, ҚарМу–дың І курс студенті Ж.Әлімқұл, 2 орын – Кеншоқы ауылы Нұра орта мектебінің оқушысы Д. Қасенқұл, 3 – орын Өспен ауылы С.Сейфуллин атындағы тарихи- өлкентану мұражайының меңгерушісі А. Сембеков, Алтай Сметтің арнайы жүлдесі – Киікті кенті С.Мұхаммеджанов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Е. Нұртай иеленсе, кітапхананың атынан берілген арнайы жүлдені – Бұрма орта мектебінің мұғалімі Н.Сейіт қанжығасына байлады. Алтай Сметтің өлеңін жатқа оқу бойынша көркемсөз шеберлері кезеңінде Бас жүлде – Тағылы ауылынан 7 сынып оқушысы Ж. Сауқынбекова, 1 орын – Төменгі Қайрақты ауылының Мәдениет үйінің қызметкері Т.Нүркенова, 2 орын – Бұрма орта мектебінің оқушысы Т. Слем, 3 орын – Бұрма орта мектебінің оқушысы Г. Қызметханға бұйырды. Қалған үміткерлер Алғыс хат пен естелік сыйлықтармен марапатталды. Мүшәйра соңында мерейтой иесі Алтай Смет барша қатысушыларға, игі шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жыр-жинағы мен арнайы дайындап әкелген естелікке кәдесыйларын барша қатысушыларға үлестірді. Елдің үнін жырға қосып,өткір өлеңімен өрнектеп жүрген ақынның торқалы тойының басы осы шара болып, үлкен мерейтойда ақын есімі ұлықталады деп сенеміз.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 648