Жоғары

22 наурыз мейрамына орай, Аудандық орталық кітапханасында «Жаса, Наурыз дәстүрлі» деген тақырыпта “Бастау бизнес” жобасының оқушыларымен әдеби викториналық кеш өткізілді.

...

22 наурыз мейрамына орай, Аудандық орталық кітапханасында «Жаса, Наурыз дәстүрлі»  деген тақырыпта “Бастау бизнес” жобасының оқушыларымен әдеби викториналық кеш өткізілді. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, насихатталды. Кітап көрмесіне: қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімі, тағамы, ою өрнегі, жалпы наурыз мерекесіне қатысты мәліметтер кітап көрмесінің шырайын аша түсті.

Әдеби викториналық кеште салт-дәстүрімізбен байланысты сұрақ-жауаптар және қол күрес ойыны ойнатылды. Ойындарға «Бастау бизнес» оқушылары белсенділік танытып, сыйлықтарға ие болды. Кешті қорытындылай оқырман қонағымыз бизнес-тренер Р. Салахиденовна және оқушылар өз тілек лебіздерін білдірді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 647