Жоғары

Ағымдағы жылдың 2-сәуірінде Бұрма ауылдық кітапханасында дәстүр бойынша «Кітапханалық қызмет көрсету: заманауи тәсіл мен мәселелер» атты жылжымалы семинар өтті.

...

Ағымдағы жылдың 2-сәуірінде Бұрма ауылдық кітапханасында дәстүр бойынша «Кітапханалық қызмет көрсету: заманауи тәсіл мен мәселелер» атты жылжымалы семинар өтті. Аталған семинарға 7 ауылдық, кенттік кітапханашылар және 2 жылжымалы кітапхананың кітапханашылары келіп, қатысып, тәжірибе алмасты. 2 ауылдық кітапхананың кітапханашылары белгілі бір себептермен қатыса алмады. Семинардың тақырыбы мен жоспары алдын-ала беріліп, аталған кітапханашылар «Жастар бұрышын» ұйымдастырып, іс-шараларын көрсету керек болатын. Жоспар бойынша бірінші болып   Бұрма ауылдық кітапханасының кітапханашылары С.Алпысбаева және С.Ғибрат өз жұмыстарын көрсетті. Жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Шет ауданының «Құрметті азаматы» Кәмел Жүністегінің 80 жылдық мерейтойына орай іс-шара ұйымдастырып, кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Өспен ауылының кітапханашысы Б.Балғабекова ауылдан шыққан өнер және спорт саласынан облыс және Республика деңгейінде көрініп жүрген «Өспен ауылының жастары» деген тақырыпта мұқабасын ағаштан жасалған кітап жасап, қорғады. Еркіндік жылжымалы кітапханасының кітапханашысы Н.Әлкеева «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» деген тақырыпта кітапхана оқырмандарымен жұмысын көрсетті.

Дәрия кенттік кітапханасының кітапханашысы Д.Бошанова «АйдариЯ» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстырып, іс-шараларының өтілу барысын көрсетті. Жастар жылына орай «Дәрия кентінің мақтаныштары» деген тақырыпта бұрыш ұйымдастырып, слайд арқылы қорғады.

Үңірек кітапханашысы Г.Адуова жоспар бойынша «Шабыт пен таланттан тапсам бақыт» атты ауыл жастары арасында өткізген сайыстың барысымен таныстырып өтті.Сайыста түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білген. «Болашаққа үміт-жастарға сенім» деген тақырыпта жастар бұрышын киіз үй макетінде ұйымдастырып, іші ауылдан шыққан Республика деңгейінде түрлі байқауларға қатысып жүрген жастар туралы мәліметтер жазылған.

Жарық кенттік кітапханашылары А.Иксанова мен А.Абеуова ұйымдастыруларымен С.Ерубаевтың туғанына 105 жыл толуына орай, «Ағып өткен ғұмыр» атты ауызша журналымен таныстырып өтті. «Жалынды жастар жылы» деген тақырыпта кенттегі өнерлі жастарға арналып, фотожинақ және кітаптан ойылып жасалған Оригамидан (кітапхана өмірінен бір үзінді) бұрыш жасалынып,қорғалды.

Ақой ауылдық кітапханашысы Ш.Ахметбекова семинар жоспары бойынша «Жастар-біздің болашағымыз» деген тақырыппен ауылдан шыққан үлгілі жастарының фотосуреттерімен бұрыш жасалынған, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында өткізген «Қазақстанның болашағы -жастар» атты дөңгелек үстел іс-шарасының барысын көрсетіп өтті.

Красная Поляна ауылдық кітапханашысы Н.Сейілбекова жоспар бойынша Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Шет ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері А.Сметтің 80 жылдығына арналған «Арқаның абзал ақыны» атты поэзия кешінің өтілу барысын көрсетті. Сонымен қатар, ақынға арналған «Поэзия дүлділі» атты жаднама таратылды.

Қарамұрын жылжымалы кітапханасының кітапханашысы Т. Амандаева «Кітап және ғаламтор» деген тақырыптарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқырмандармен жұмысының өтілу барысын көрсетіп өтті.

Осы семинарға жан-жақтан келген кітапханашылар қызықты ақпараттармен, кітапханаларда қолданып жүрген жаңа тәсілдермен, олардың тиімділігі туралы талқыланды. Алдағы уақытта дәстүр бойынша жылжымалы семинар өз бағытын жалғастыратын болады.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 564