Жоғары

«Бір ел - бір кітап» акциясы қарсаңында Әблілдә Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыруда “Бастау бизнес” жобасының оқушыларымен «Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғалары» атты әдеби шолу өтті.

...

     «Ұлы даланың - ұлы қаламгерлері» атты кітап көрмесі насихатталды. «Алаштың дүл-дүл жазушылары» слайды таныстырылды.  Әбділдә Тәжібаев – XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең үлкен ақындарының бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан кейінгі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмір шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдіреді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де мол.

    Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында туған. ҚР Мемлекеттік хатшысы, 2002 жж. жылдың ақпанынан ҚР Парламетінің Сенатының депутаты, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Қырғыстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

      Тағы суреттер


Келулердің саны: 111