Жоғары

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің оқу залында «Айбынды әскер – азат елдің белгісі» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

Патриоттық сағат барысында кітапханашы  Г.Актаева  Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы, ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Іс-шара барысында  оқырмандарға арнап «Мен қазақпын» видеоролигі көрсетіліп, әскерге байланысты сұрақтар қойылып және сол сұрақтарға  әркім өз ойларын айтты.  Кітапханашы А.Исатаева «Қарулы күш-берік қорған» атты кітап көрмесіне шолу жасады.  «Ер-елінің қорғаны» демекші, бар өмірін әскери іске арнап, өз қызметін  мінсіз атқарып келе жатқан жауынгер аға-апаларымызға алғысымыз шексіз!

Тағы суреттер


Келулердің саны: 1898