Жоғары

Астана күніне орай аудандық орталық кітапханада Жазғы кітапхана ұйымдастырып өткізді.

...

Жазғы кітапхана мақсаты елорда туралы әдебиеттер мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау,оқырмандарға таныстыру.

    Жазғы кітапхана оқырмандарға Астана қаласы ,тұңғыш Елбасына арнап дайындаған «Тарихи тұлға», «Астана – мәңгілік елдің арқауы» атты кітап көрмелері шығарылып, әдеби шолулар жүргізіліп тұрды.

   «Аспан–алақанындағы Астана» атты жазғы кітапхана шығарылып, қала тарихына байланысты викториналық ойындар жүргізілді. Оқырмандарға арнап Астана қаласының ерекше ғимараттарына жасалған макеттер көрсетіліп, әр макеттегі qr кодта жасырынған ақпараттар оқырмандарға таныстырылды. «Астана- алтын Ордам, Елорда- елбесігім» атты жаднамалар ұсынылды. Оқушылар Астана қаласы туралы қызықты викториналарда белсенсенділік танытып, сыйлықтарға ие болды.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 219