Жоғары

Ақын Сәбит Бексейіттің жаңа кітабының тұсаукесері өтті

...

11  қыркүйек күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, публицист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Түркітану Орталығының «Ұлы Түрік қыраны» төсбелгісінің иегері  Сәбит Бексейіттің  жақында жарық көрген «ЕЛ мен ЕР» атты кітабы оқырманға жол тартты. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Азатұлы Әбілдин аудан әкімінің атынан ақынның иығына шапан, жары Бақыт апайдың иығына қамзол жапты. Одан кейін белгілі жазушы Кәмел Жүністегі мен ақын  Тезекбай Амандықұлы сөз сөйлеп, қаламдастарын құттықтады. Келесі кезекте бір топ жастар ақын өлеңдерінен шашу шашса,  Жүсіп Мейрамұлы күй орындады. Талдыдан келген дәстүрлі әнші Сәкеннің әнін тамылжыта орындап шықты. Ағайын –туыс  құттықтау сөз айтып, ақынға жылы лебіздерін білдірді.Кеш соңында ақынның өзіне сөз кезегі беріліп, ақын қаламынан туындаған біраз жырларға оқырмандар сусындап қайтты

Тағы суреттер


Келулердің саны: 914