Жоғары

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері жыл бойында ұлықталуда.Осыған орай, Шет аудандық балалар кітапханасында Өлкемізден шыққан атақты жастарымызды келер ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне ауданымыздың спортшысы ,самбодан әлем чемпионы Қанжанов Бейімбет, жас ақын Амангельді Берікбол және жас ақын Толғанай Айтболатқызы сияқты өнерлі, дарынды жастар шақырылды. Осындай жастарды үлгі тұтып жүрген Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары кешке белсене қатысып, өз сұрақтарын жарыса қойып жатты. Әлем чемпионы Бейімбет Қанжанов бауырларымен жетістікке жетудің жолдарын айтса, Берікбол өзінің кітапқа деген қызығушылығы қандай дәрежеге жеткізгенін, Толғанай өмірдегі басты мақсат- адам боп қалу екендігін айтты.Дәл осындай жастармен кездесу кештері болашақта жалғасын тапсын деген ниетпен тарқасып, естелік суретке түсті.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 635