Жоғары

«Ел ертеңі –жасампаз жастармен» атты аудандық, кенттік, ауылдық жас кітапханашылардың арасында шеберлік сыныбы өтті.

...

      Шет аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Жастар жылы аясында жоспарға сәйкес «Ел ертеңі –жасампаз жастармен» атты аудандық, кенттік, ауылдық жас кітапханашылардың арасында шеберлік сыныбы өтті.

   Семинардың басында сөз алған аудандық орталық кітапхананың директоры Нурпеисова М.С. кітапханашылардың 2020 жылға жоспары мен 2019 жылдың есебі туралы баяндап, жаңадан келген жас мамандармен де таныстырды. Аталған шараға кітапхананың бағдарламаушысы Байдалин Д.С. инстаграмм парақшасы мен Wix сайттарының мониторингісі туралы айта кетті.

Нұраталды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Сағындық Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» атты поэтикалық марафон, Қызылқой ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Сауғабекова Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай

«Кино –өмір айнасы» атты кино кеші және Ақшоқы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ш.Мажимова Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай арналған «Поэзия жауһары- Фариза» деген тақырыпта поэзия кеші өткізілді. Сонымен қатар, атаулы күндерге байланысты Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, А.Құнанбаевтың 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысына 75 жыл толуына орай және «Кітапханадағы іс-шаралардың жаңа түрлерін өткізу тәсілдері», «Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету», «Веб рабистің бүгінгі күннің талабы», «Балалар кітапханасы-шығармашылық алаңы» деген тақырыптарда жас кітапханашылар біріге, жұптаса отырып, түрлі іс-шаралар өткізді.

Семинар соңында 2020 жылғы жоспарға заманауи іс-шаралар қосу туралы және кітапхана сайттарының жұмысын жандандыру мәселелерін талқылады. Осы мәселелер бойынша қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.

 

      


Келулердің саны: 341