Жоғары

«Жаһандық ауқымдағы тұлға» атты оқырмандармен онлайн конференция өткізілді.

...

Тұңғыш Президент күніне орай Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінің №4 филиалының ұйымдастырумен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Жаһандық ауқымдағы тұлға» атты оқырмандармен онлайн конференция өткізілді. Бұл конференцияға Нұра, Шет аудандық кітапханалары берілген тақырыптар бойынша қатысты . Шет аудандық орталық кітапхананың тақырыбы Тұңғыш Елбасымыздың «Әлемдік тұлға» кітабына талдау өткізді. Шара барысында кітапхана оқырмандарына кітапханашы Г.Ермекбаева «Әлемдік тұлға» кітабынның қысқаша мазмұнымен таныстырып өтті. Кітапхананың зейнеткер оқырманы Т.Төселбаев Тұңғыш Президентіміздің өмір жолына тоқталып өтті. Кітапханашы М.Құнанбаева өлкеміздің ақыны А.Сметтің Президентке арнаған арнауы «Ізгі ниет» өлеңін мәнерлеп оқыды. «Президент ынтымақтылық пен тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Исатаева әдеби шолу жүргізді. Қорытындылай келе кітапхана директоры М.С.Нурпеисова оқырмандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 


Келулердің саны: 186