Жоғары

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

...

11 желтоқсан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тарихи кеш өтті. Тарихи кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып,

1986 жылғы тарихи оқиғаға байланысты бейне үзіктер көрсетілді. Іс шара жүргізушісі А.Аубакирова бірінші құттықтау сөзді кітапхана директоры М.С.Нурпеисоваға берді.

Шара барысында жүргізуші 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайында мағлұмат берді.

Кітапхана жұмыскері Д.Молдабеков «Қарабауыр қасқалдақ» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Ермекбаева «Тәуелсіздік - қасиет тұңған ұлы ұғым» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітапхана оқырмандары : А.Саят, А.Жарылқаған Шет өлкесінің ақындары

Т. Амандықов пен А.Сметтің Тәуелсіздікке арнаған арнауларын нақышына келтіре оқыды.

Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперементалдық мектеп гимназиясының

9 сынып оқушыларын бастап келген ұстаз Ф.Жунусова мен Б.Тұтқышевалар мерекемен құттықтап өз тілектерін білдірді.

Зейнеткер оқырмандармыз: Е.Кенжебаев Тәуелсіздіке арнауын оқып, Т.Төселбаев Тәуелсіздік туралы жастарға ақпарат берді. Р.Жанпеисова апамыз қонақ кәде ретінде Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Кеш Д.Молдабековтің орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқталды.

 

 

 


Келулердің саны: 666