Жоғары

«Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар кеші өткізілді.

...

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні аудандық орталық кітапханада ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар кеші өткізілді. Шараға оқырмандар, ұстаздар,оқушылар, студенттер, қызметкерлер қатысты. Шара барысында Абай ақынның өмірбаянына, шығармашылығына, қара сөздеріне, әндеріне қысқаша шолу жасалып, бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесімен таныстырылып, Оқырмандардың арасында Букслеим өткізілді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Ф.Жунусова, С.Смаилова, А.Тулегенова, Е.Жәнібеков, Т.Төселбаев, Ш.Төлегенова, А. Рақымжанқызы , И. Жолғұтты, Б.Хамзин, Е.Көкеновтар Абай атамыз туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Оқырмандармен бірлесіп кароке арқылы Абай ақынның бірнеше әндері шырқалып, оқушылар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқыды. Сиязова Ақбота «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Абай мұрасы бір шарамен ғана шекетелмейтіні белгілі. Алайда, көпшілік оқырман- Абай сенген ұрпақ біздер қашан да сол мұраны дәріптей біліп, Абайдың өнегелі мен тағылымы көп өлеңдері мен қара сөздерін түйсіне біліп, ой елегінен орынды өткізсек, келешегі кемел мемлекеттің бірі боларымыз анық.

 

 


Келулердің саны: 207