Жоғары

«Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

14 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді. Шараға агротехникалық колледждің студенттері, болашақ сарбаздар қатысты.
Өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі тұту, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету және есімдерін қастерлеуге, жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген бұл шарада қатысушылар ерлік, батырлық жайлы өз ойларымен бөлісе отырды. Ауған соғысы жайында видеолар көрсетіліп, сұрапыл соғыс жайында мағлұмат берілді. «Ауған соғысы туралы ақиқат» тақырыбындағы слайдпен, «Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында аудан орталығында Ауған соғысы ардагерлеріне арнап койылған монумент жайында видео көрсетіліп, колледж суденттеріне тақырыпқа сай буклеттер таратылды.

  

  


Келулердің саны: 528