Жоғары

«Абаймен келел білімге»

...

27 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектеп оқушылары және «Жансусар» клубы мүшелерінің қатысуымен «Абаймен келел білімге» атты әдеби вернисаж болып өтті.

Іс-шара Абай Құнанбайұлының дүниеге келу сәті жайында дайындалған видео көрсетумен басталды. Шара барысында оқушыларға Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан мағлұмат берілді. Кітапханашы Исатаева А.Е. шараға қатысушы қонақтарды «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесімен таныстырды. Экраннан ақынның он тоғызыншы қара сөзі көрсетіліп, ақынның өлеңдерінен арнайы дайындалған «Ойлан тап» атты көңілді викториналық ойын ойнатылды. Шараға қатысушылар жоғары белсенділік көрсетті. Шара соңында оқушылар мен «Жансусар» клубының мүшелері Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, караоке арқылы ақынның әндерін шырқады. Әдеби вернисаж жоғары дәрежеде өтті.

 


Келулердің саны: 384