Жоғары

Дидар Қамиевпен тікелей эфир өтті

21 сәуір күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы, ауданымыздың тумасы, атақты айтыскер ақын Дидар Қамиевпен кездесу кеші өтті. Тікелей эфирді оқырмандарымыз қызықтап қарады. Тікелей эфир қонағы болған айтыскер ақынға кітапхана тарапынан, оқырмандардан және эфирге қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, көңіл толарлықтай жауап алынды. Оқырмандар ақынға коментарий арқылы ыстық ықыластарын білдіріп, жақсы тілектер тіледі. Эфир қонағы болған айтыскер ақынға кітапхана қызметкерлері үлкен алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Эфир өз дәрежесінде өтті.


Келулердің саны: 405