Жоғары

«От жүректі ақын»

2020 жылдың 24 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздың тумасы, көрнекті ақын Тезекбай Амандықұлымен «От жүректі ақын» атты тікелей эфир арқылы кездесу кеші өтті. Оқырмандарымыз тікелей эфирді соңына дейін қызықтады. Белсене қатысып сұрақтарын қойды. Ізгі тілектерін білдірді. Ақын ағамызды мерей тойымен құттықтады. Ағамызға кітапхана тарапынан дайындалған бірнеше сұрақтар қойылды. Өмірі жайлы, шығармашылық жолы жайлы керемет сұхбат болды. Сұхбат соңында ақын ағамыз оқырмандарымызға арнау өлеңін оқып берді. Жастарға тілек, лебізін білдіру арқылы кешімізді аяқтадық.


Келулердің саны: 308