Жоғары

«Бірінші байлық денсаулық»

Медицина қызметкерлері күні меркесіне орай 19 маусым күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы Шет аудандық орталық ауруханасының директорының орынбасары, медицина саласының қызметкері Әбітаева Хауарира Бергенқызымен «Бірінші байлық денсаулық»   тақырыбында сұхбат өтті. Тікелей эфирді оқырмандар қызықтап қарады. Сұхбат қонағы денсаулықты қалай күту керек және елімізде болып жатқан коранавирус індеті туралы   ақпарат берді.   Қонағымыз эфир соңында барша оқырмандарымызға індеттен қалай сақтану жайында кеңес беріп және медицина саласының қызметкерлерін меркемен құтықтап, тілек–лебізін білдірді. Эфир өз дәрежесінде өтті.


Келулердің саны: 504