Жоғары

Дияқажы

...

 

1871-1931 жылдар аралығында өмір сүрген.   Есімінің кейінгі буынымен Дия атанған. 1909 ж. қажылыққа барады. Сол сапардан оралған соң ел Дияқажы атап кетеді. Шаян медресесін тауысқан. «Ғалияда» оқыған. 1909-11ж. Анадолыда білімін көтерген. Әл-София медресесін бітіреді. Жиырмасыншы жылдардың басында өз қаражатымен мектеп ашады. Мұғалімдерді Қарқаралыдан алдырады. Өзі де дәріс береді. Өз дәуірінің саяси өміріне белсене араласады. Ағымен де, қызылымен де алысып өтеді. Қаламы мен қаруын қатар жұмсайды. Үнемі қуғын-сүргінде болады. халық жауы ретінде Қарқаралының Үлкен көлінде атылады. Өлеңдері көзі тірісінде жарық көрген. «Шаһарбану», «Мұхаммед», «Әбушахман хикаясы», «Қасеннің елімі», «Нұрлығайын», «Сақырап» атты дастандары мен көптеген өлеңі қалды. Ақынның мұрасы «Шығармалары» /2010/ деген атпен жарық көрді. 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 86 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-150-151 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 86 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-150-151 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

 Смағұлов. А, Дия қажы[Мәтін] / Дия қажы// Заман.-2007.- 19 сәуір (№16).- 5 б.

Хамзин, М. Халқымен қайта қауышқан Дия ақын. [Мәтін] / М. Хамзин // Қазақ әдебиеті.– 2011.- 28 қаңтар – 3 ақпан (№4).-9 б.

 

 

 


Келулердің саны: 3657