Жоғары

Алтай Смет

...

                                                   

   Алтай Смет 1939 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Айғыржал ауылында туған. Майасар ақын аузына түкіріп, он бір жасынан бастап өлең жазған. Өспен орта мектебінде 10 сынып білім алған. Қарқаралы зооветтехникум «Зоотехник» мамандығы бойынша оқып бітірген. Білімі арнаулы орта. Еңбек жолын 1955 жылы Айғыржал ауылында колхозшы болып бастаған.

   Бірақ жасында өлеңді кәсіп етпеген, еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында 1955 жылдан бастаған. 1959-1966 жылдары Ақадыр кеншарында №2 және №4 бөлімшелерінде бөлімше меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 1994 жылдан «Құсайн» шаруа қожалығының иегер басшысы.

   Зейнеткер. Үйлі-жайлы. 7 бала тәрбиелеп өсірген. Алтай Сметтің өскен жері, шыққан ұясы дуалы ауыз Маясар ақынның ауылы Айғыржал болғандықтан ата-анасы ырым етіп ақын атаға ауызына түкірткен. Содан да болар 11 жасқа келгенде Алтай тиіп қашып өлең жаза бастаған. Бірақ өлеңді кәсіп етпеген. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған. Қаламы төселген, жаппай бер ақын екендігін өзгеге байқатпаған. Игіліктің ерте кеші жоқ. Алтай Смет 1990 жылдардан бастап өлеңдерін жыйнақтай бастайды. 2004 жылы Алтай Сметтің «Шықырауда шыңғырған шындық» атты өлеңдер, қара сөздер жыйнағы кітап болып шықты. Бұл жыйнағаны енген өлеңдер айтары жоқ, май сорғалап тұрған дәмді өлеңді кібіртіктемей еркін жазады. Алтай Сметтің қаузаған негізгі тақырыбы – мейрімділікпен ізгілік.

   Алтай Смет өзінің 70 жасқа толуы қарсаңында «Өткен өмір өрнектері» атты жыйнағын кітап қып жазды.

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Мүшайрада жүлде алған жыр  [Мәтін] // Заман.-2007.- тамыз(№34).- 6 б.

Смет А. Наз, Сайлаушыға  [Мәтін] / Смет. А // Заман.-1999.-16 қазан(№39).- 3 б.

 Смет А. Ауданды Аюлыға алып келген [Мәтін] / А.Смет // Шет шұғыласы.- 2008.- 24 сәуір. - 6 б.

Смет А. Ақадыр – Аюлы - ауданының тұғырындай [Мәтін] / А.Смет //Шет шұғыласы.- 2008.- 18 қыркүйек. - 3 б.

Смет А. Ақадыр – Алтын бесігім [Мәтін] / А.Смет // Заман.- 2007.- 23 тамыз (№35).-6 б.

Смет А. Тойға арнау  [Мәтін] / А.Смет // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).-5 б.

Смет А. Бәйге [Мәтін] / А. Смет // Шет шұғыласы.- 2011.- 27 қазан (№43).-5 б.

Смет А. Жеңістің 66 жылдығына арнау [Мәтін] / А. Смет // Шет шұғыласы.- 2011.- 5 мамыр (№18).-5 б.

Сметұлы, А. Тойға тарту [Мәтін] / А. Сметұлы // Орталық Қазақстан.- 2012.- 25 ақпан (№33-34).-8 б.

Өткен өмір өрнектері [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2012.- 14 маусым (№24).-4 б.

Смет, А. Жаңа жылға жаңа тілек [Мәтін] / А.Смет // Шет шұғыласы.- 2012.- 5 қаңтар (№1).-1 б.

Жосалбай, С. Берер үлгісі мен айтары мол ақсақал [Мәтін] / С.Жосалбай // Шет шұғыласы.- 2012.- 22 қараша (№47).-5 б.

Смет, А. Сылқым саздың саңлағы [Мәтін] / А. Смет // Орталық Қазақстан.- 2013.- 18 мамыр (№77-78).-8 б.

 

 

 


Келулердің саны: 4328