Жоғары

Жамбыл Ақылбаев

ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ АҚЫЛБАЕВ (27.07.1938-30.11.2007)

Жоғарғы мектептер Халықаралық Ғылым академиясының академигі, Университет ректорлары халықаралық қауымдастығының мүшесі, Орталық Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның мүшесі, ҚР білім және ғылым корпоративтік қорының қамқоршы Кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы,профессор, «Парасат» орденінің иегері болды.

Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосында туған. ҚарПИ-ді бітірген (1961). Сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-да стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университеттің ғылыми жұмыстар және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау пединститутының ректоры (1961-1991), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры (1991-2000).

70-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, өнертабысы үшін онға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Оның қатысуымен ұщатын аппараттардың аэродинамикалық өңдеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол орталық аэродинамикалық институтпен бірлескен зерттеулерде қолданылды.

ХІІ шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1993-1994). Шет ауданының және Қарағанды қаласының құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (1998), Халықаралық жоғарғы мектеп академиясының «Еңбектегі табысы үшін» медалімен (2001), «Жоғары мектеп алдындағы еңбегі үшін» (2002), Капица атындағы медальмен (2003, Ресей), МХР Қамқоршылық медалімен марапатталған.

Шығ.: «Электр және магнетизм» (2003), «Новые оптические методы исследования тепломассопереноса» (1995), «Аэродинамика и теплообмен криволинейных тел» (1996).  

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.

 

                                       Ол  туралы:

 

Шет ауданы  : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-71 бет.

Қарағанды  облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006-110  бет.

Мерзімді басылымдар:

 Әбдікеров Р. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы [Мәтін] / Р. Әбдікеров // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.

Жұқанұлы Ш. Асқар тау алыстан көрінеді [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (№50). - 5 б.

 Жуасбаев Ө. Бақұл бол, бауырым [Мәтін] / Ө. Жуасбаев // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.

Қабылдаұлы С. Халқын барда сен өлмейсің, аға! [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.

Аська. Посвящается брату [Мәтін] / Аська // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (№50). - 5 б.

 Жәкеш Ғ. Жерлестерін еске алды [Мәтін] / Ғ. Жәкеш // Шет шұғыласы. - 2009. - 24 желтоқсан. - 4 б.

Шәтекұлы Қ. Алмас шарт сынады [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.

Сәулебекұлы М. Асыл аға [Мәтін] / М. Сәулебекұлы // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (50). - 5 б.

Жүністегі К. Біз сені ұмытпаймыз, Жамбыл! [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.

Өнерлі ғұмыр иесі еді [Мәтін] // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (50). - 5 б.

 Жүністегі К.Тебіреген ұлы жүрек [Мәтін] / К. Жүністегі // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (50). - 5 б.

 


Келулердің саны: 4018