Жоғары

Қайролла Дәулетбекұлы Сәдуақасов

Қайролла Дәулетбекұлы Сәдуақасов (1958) Шет ауданында туған. Шетпе күйдің шебері. Ақсу-Аюлыдағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, совет ариясы қатарында борышын өтегеннен кейін Ақтоғай, Шет ауданының ішкі істер саласында учаскелік инспектор, МАИ саласында қызметтер атқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін күйшілік өнерге бір жола ден қойды. (1998). Арқаның атақты күйшілері Тәттімбет, Қыздарбек, Тоқа, Сембек, Әдби, Әбікен, әкесі Дәулетбектің күйлерін Алматы қаласында өткен «Мәңгілік сарын» (2007), Шет ауданының 80 жылдығы аясында өткен «Күй керуен» байқауында (2008) орындады. Астанада өткен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобасына қатысты (2010).

Д.Садуақасұлы

                        Пайдаланған  әдебиеттер:

Шет ауданы  : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-317 бет.

                         Ол  туралы:

Шет ауданы  : [Мәтін] Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-317 бет.

 Мерзімді басылымдар:

Сүйіндікұлы З. аке аманаты [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы. - 2015. - 19 ақпан (№07). - 3 б.


Келулердің саны: 4417