Жоғары

Қыздарбек күйші

 

Қыздарбек күйші Төребайұлы (1850-1922) Арқадағы шертпе күйдің атақты шебері. Шет ауданының тумасы. Әкесі Төребай орта шаруа иесі болған. Жастайынан өнер соңына түсіп, ел аралап, күйін өнерін жоғары сатыға көтерген, шебер орындаушыдан парасатты күйшіге жеткен. Арқа өңірінің күй атасы Итаяқтан бата алған. Тек аршаданған құрастырылып  жасалынған домбырасы 1934 ж. Тасралыда қайтыс болған  Қажікей дейтін ұлының қолында сақталып келген. Қыздарбек күй арқылы Итаяқпен қағысып, Тоқа Шоңманұлымен өнер жарыстырған. «Сылқым қыз» күйі жеңіл ырғақты болса, «Өткінші өмір» күйі өкінішті  арманға толы. «Жұбату»  күйі шәкірті Әбдидің жалғыз ұлы қаза болғанда дүниеге  келсе керек. Бірншеше «Қосбасары» бар. Арқаның Ақмолда, Сембек, Әбди, Мақаш, Кәрібек, Рысқұлбек, Бегімсал сынды арқалы күйшілері Қыздарбектің шәкірттері болып  табылады.

 

Әдеб.;Бекенов У.Ұлы күйшілердің мұрагерлері: Т.Қазанғапұлының туғанынна 175 ж толуы қарасанында  //Ленин туы.-Егіндібұлақ, 1990.-30 мауысым: Жүнісов К. Көксеу: повестер.-Алматы:Өнер, 1991.-184 б.: Қабылдаұлы С.Алыптардың көзін көрген соңғы тұяқ:өнер жұлдыздары// Орт.Қазақстан.-2008.-6 наурыз.-6 б.:Қазақтың шертпе күйлері.-Қарағанды:Болашақ-Бастап, 2006.-176 б.:Қыздарбек Төребайұлы //Беенов У. Күй керуені: оқу құралы.-Алматы: Өнер, 2002.-38б.:Қыздарбек күйші және оның шәкірттері // К.Жүністегі.-Сарыарқа саңлақтары.-Павлодар:ЭКО ҒӨФ,  2007,-209 б.: Майбас Т. Ұрпағы ұлы күйшіні ұлықтады. //Орт.Қазақстан.-2000.-6 желт.: Садуақасов Д. Шеркөкіректі шертпе күй / Әңгімелер. Ш.Сатыбалдиева // Қазақ әдебиеті.-2008.-5-11 қыркүйек (36).-14-15 б.: Тоқтамысов Т. Тәттімбет және оның  мұрагерлері//  Орт.Қазақстан.-2000.-27 желтоқсан.

 


Келулердің саны: 3897