Жоғары

Жәнібек Әлиман

Жәнібек Әлиман  1990 жылы 25 мамырда  Қарағанды облысы , Шет  ауданы,  Нілді  ауылында  дүниеге  келген.  Академик  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  Мемлекеттік  университетінің  түлегі, магистр.  Жұмабек  Тәшенев  атындғы  «Жылдың  үздік  ақыны »  сыйлығының  иегері.

Пайдаланған  әдебиеттер:

Әлиман. Ж.

Серт[Мәтін]/ Әлиман. Ж. –Қарағанды: Тенгри Ltd, 2013-120 бет.

Ол туралы:

Әлиман. Ж.

Серт[Мәтін]/ Әлиман. Ж. –Қарағанды: Тенгри Ltd, 2013-120 бет. 

 

СЕРТ

...Баяғыда былғанған ғой мына әлем,

Мен әуелде Сақ боп туғам - бұла дем.

Ерлігіне дүр сілкінген дүр әлем.

Мен әуелде-ак Сақ сарбазы

Шырақ ем!

 

Ей, есалаң ессіз тобыр, нені ұқтың?

Дүниеге Күн боп, Ғұн боп келіппін!

Қас дүшпанын қара қанға тойдырып,

Патша атанған Томиристей көріктім.

 

Өлексе жеп, тығындаған өңешін,

Маңайыма қаптап кетті неге сұм?!

Есін жиған Еуропа емес пе ед

Көріп алғаш ер Еділдің елесін.

 

Содан бері түскені жоқ өр еңсем,

Төңірімнің алқауы гой — көгерсем.

Өр еліммен бірге көрем - не көрсем,

Өр еліммен бір көнерем - көнерсем,

Тәңіріне ғайбат айтқан жалаңбұт,

Не жамандық көріп едің менен сен?..

 

Ғапыл кетіп, ғайбат айтпан ғасырға,

Азат күннің бағы барда басымда.

Күлкі болмай тексіздер мен тасырға,

Ес жиғалы егестім де ұлтым деп

Ең соңында рух боп тудым расында.

Есінді жый, ей, есалаң, көр кеуде,

Бұл күйімді қақың бар ма көрмеуге?

Алла алдында аят оқып тұрамын

Жер бетінде ақырғы адам өлгенде.

Жер бетінде ақырғы ақын өлгенде...

                                                                                                                20 желтоқсан, 2011 жыл


Келулердің саны: 3896