Жоғары

Қызметкерлері:

Меңгеруші

Аликулова Сауле Рахматуллаевна.

     1968 жылы Шымкент облысы, Түлкібас  ауданы,  Высокое селосында дүниеге келген. 1985 жылы  С.Т. Бреусов атындағы орта  мектепті  тәмәмдап, 1985 жылы  Қарағанды педогогикалық училищесіне түсіп  оны  1987  жылы  бітірген.  1988-1996 жылдар аралығында  ОКЖ кітапханасында  кітапханашы  қызметін  атқарады.  Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық  мәдениет  инситутын 1996    жылы  кітапханашы- библиограф мамандығы бойынша  бітірген. 1988 жылы балалар кітапханасында  істеген.

 1990-1996 жылдар аралығында абонемент және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қызмет атқарған.          

2005 жылдардан  бастап библиография бөлімінің библиографы болып қызмет істеген. 2014 жылдың қазан айынан бастап  библиография бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап әдістеме бөлімінде меңгеруші болып қызметін атқарып келеді.

2010 - 2014 жылдары Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен  марапатталған.   

2015  жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай Аликулова Сәулені "Қажырлы еңбегі үшін" Алғыс хатпен "Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі"  КММ директоры М.С.Нурпеисова марапаттады.

2017 жылы «Мәдениет және өнер» күніне орай Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 

 

Әдіскер

Төлеуова Айгерім Нұрбекқызы

    1988   жылы   Қарағанды   облысы, Шет  ауданына қарасты Еңбекшіл ауылында  дүниеге   келген.  

2006- 2010  жылдары Бөкетов  атындағы Қарағанды    Мемлекеттік  университетін  бітірген.  

2011   жылдың 1 желтоқсанынан Аудандық балалар кітапханасында жұмыс атқарған. 2012 жылдан бері Аудандық орталық    кітапханада   жұмыс  атқарып   келе   жатыр.

2017 жылы Шет ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қыз-келіншектер арасында волейболдан аудандық дәстүрлі ашық біріншілікте ІІІ – орын алған үшін марапатталған.  

 

 

Әдіскер

Жолдыбекова Дина Жеңісқызы

      1972 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылында дүниеге келген. 2008-2011 жылдар  аралығында Қарағанды қаласындағы Талап колледжінде қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша  мұғалімдік мамандығын алған.

2013  жылдан бастап  Шет аудандық орталық кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы болып қызмет  атқарған. 2016 жылдың     қаңтар айынан бастап жасөспірімдер бөлімінің әдіскері. Алғыс хаттармен марапатталған.

 

 

Әдіскер

 Бакирова  Айгуль  Абилкадырқызы

1971 жылы Қарағанды обылысы  Шет ауданы  Кеншоқы ауылында дүние келген. 1988-1990 жылдары Жезқазған қаласының  копператив училищені бітірген.

 2013-2015 жылдар  аралығында  Қарағанды қаласындағы  Тәттімбет атындағы өнер колледжі "Кітапхана ісі "мамандығы бойынша бітірді.2015 жылдан бері Шет аудандық орталық кітапханаға әдістеме бөліміне әдіскер болып жұмыс істейді. 

 

 


Келулердің саны: 4670