Жоғары

Кітап қорын реттеп жинақтау бөлімі

  Қалиева Гаухар Серікқызы  Аудандық орталық кітапханасының кітап қорын реттеп-жинақтау бөлімінің меңгерушісі  Қалиева Гаухар Серікқызы  4 сәуір 1972 жылы  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосында   дүниеге келген.  Ұлты қазақ. Білімі орта арнаулы – Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжі «Кітапхана ісі» мамандығы «кітапханашы» деген квалификациясы бойынша 2006 жылы бітіріп шықты.  Жалпы еңбек өтілі 20 жыл.

Кітапхана саласында  2006 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қалиева Гаухар Серікқызы кітапхана жұмысының    жақсы  игерген білікті маман.

Кітапхана қорын басқаруда басқа кітапханаларға беретін кітаптарды іріктеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.  Қалиева Гаухар Серікқызы қорды толықтыру саясатының келешегін анықтайтын тақырыптық-типологиялық жоспар құруда үлкен жұмыс атқарып, кітап қорын толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын үйлестіре біледі.  Әр кітапхананың есебін жинақтап, облыстық кітапханаға қор бойынша есебін тапсырады. Қалиева Гаухар Серікқызы  28 кітапхананың кітап қорын бөліп, толықтырумен қатар  ОКЖ бойынша  кітап қорымен  жұмыс жүргізеді.                                         

   Қалиева Гаухар Серікқызы кітапхананы дамыту мақсатындағы жұмыстарды бар ынтасымен атқарады және  қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, ұйымдастырушылық қабілетінің мол екендігін көрсетті.

   2013 жылы  Шет аудандық мәдени-сауық орталығының қазыналы өлкеміздің өсіп-өркендеуі жолында өткізілетін, мәдени-бұқаралық шараларға белсене атсалысқан еңбегі үшін  Шет ауданы мәдени-сауық орталығының директоры  Ә.Ахметжанованың «Алғыс хатымен», 2015 жылы «Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры М.Нурпейсованың Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудан халқына рухани байлық сыйлайтын кітапханашыларға қолдау көрсету және еңбектерінің маңыздылығын арттыру үшін «Алғыс хатымен» марапатталған.

  ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, 2015 жылы Шет ауданының әкімі Р.Әбдікеровтың  «Алғыс хатымен» марапатталған.

     

    Нұрпейіс Айжан Ізбасарқызы 1982 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Кітап қорын реттеп жинақтау бөлімінің кітапханашысы. Еңбек өтілі – 8 жыл. 2004 – 2006 жылдары Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжіне «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 2006 – 2011 жыл аралығында Шет аудан балалар кітапханасының оқу залында қызмет еткен. 2013 жылдан бастап Шет ауданының орталықтандырылған кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарады.


Келулердің саны: 3183