Жоғары

Қарағанды облысы, Шет ауданы Орджоникидзе атындағы совхоз туралы

1930 жылдары калхоздан бұрын, «Мойын Серік»-болып ұйымдастырыпты.1931-1932 жылдары  ТОЗ (товарищество оброботка земли) болып құрылған. Бұл ортада колхоздастыру 1934 жылы аяқталған. Аудан бойынша әуелгіден 45 ұсақ колхоз болыпты.

   Біздің ауылда жаңағы  Мойын Серік, ТОЗ, колхоз алғашқы ұйымдастырып, басқарған әкеміз Көбенов Әйеш деген болған. Колхоздың аты әубаста Рыков атындағы колхоз болыпты. Бұл кісі «нар комзем» СССР (ауыл шаруашылығы министрі) болып істеген.

   1936 жылы Рыков халық жауы болып ұсталып, атылып кеткеннен кейін колхоз атын  Г.К. Орджоникидзеге (нарком тяжеломашиностроитель) ауыстырған. Алғашқы ұйымдастырғанда колхозға 1 шөп шабатын ат машина, 1 сүт айыратын сүт машина беріпті. Шөп шабатын машинаны Төкенов Төлеубай, Исатаев Жұмке әкелеріміз жүргізгенде бүкіл ауыл халқы соңына еріп, қызық көріп, Басқарма Әйеш 1934-1935 жылдарда мектеп жанында аккумулятормен радио сөйлетіпті. Дыбыс күшейткішті мектеп үстіне қойса кейбіреулер адам қай жерде сөйлеп тұр деп, мектеп үстіне шығып қарап жүр дейді.

   Колхоз аздаған егінді күрекпен ойып салыпты. 1934 жылы егібітік шығып, халық 1932 жылғы ашаршылықтан кейін бір жақсылап нанға кенеліп қалыпты. Сол жылы туған бір баланын атын «Бидайбай» деп қойыпты. Колхоз орталығы «жылыкөң» деген біздің аталарымыздың қыстағында болған. Колхоздың көптеген мүшелері әр сайда, әр бұлақ басында отырған. 1936 жылдан бастап колхоз орталығын Нұра-дейді, қазіргі Қайрақты ауылы тұрған жерге сала бастайды.

   Халықта мал жоқ. 1932 жылы салық деп күллі малды сыпырып алып, ашаршылыққа ұшырады гой.Үкімет Монғолиядан мал сатып әкеліп, таратыпты. Мал айдап келуге біздің колхоздан Клара Ділдашовнаның әкесі Жүнісов Ділдаш барған дейді.

   1937 жылы ауданның партия ұйымының бірінші хатшысы Тоқтаров халық жауы деп ұсталғанда, Көбенов Айешті де ұстап, Қарағандыда атылған. Бар таққан кінәсі Тоқтаровпен бірге аң аулап, өзінің тоқтысын сойып қонақ жасағаны.

   Әйештен кейін колхоз басқармасы болып аталас туысымыз Сәрсенбеков Ормаш сайланған. Бұл кісіде 1940 жылы халық жауы-деп ұстап, Қиыршығысқа 3 кісіні 10 жылға соттап жер аударған. Сәрсенбеков Ормаш пен Тоқмағанбетов Күзенбай сол жақта қалып қайтыс болды. Төкенов Төлеубайды солтүстік Сібірге Якутияға ағаш дайындау жұмысында жүргенде мертігіп 1943 жылы елге оралды. 1940 жылы колхозды аз уақыт Алькеев Изатбек басқарғанда, 1941-1953 жылдары Төкенов Жұмабай басқарма болған.

   1949 жылы 2-3 колхозды біріктіріп ірілендірген. Ақтөбе, Игілік, Беталыс, Орджоникидзе төрт колхозды қосып, Орджоникидзе атындағы колхоз ұйымдастырып, орталығы Ақтөбе болған. Аудан бойынша 12 колхоз, 2 совхоз қалған.

   Бұрынғы жеке колхоз орталығы Қайрақтыда 1950 жылы Шет МЖС (Машина Животноводская Станция) келіп орналасты. Оның міндеті колхоздардың шөбін шауып, егінін орып береді. МЖС-директоры болып Жүкенов 2 жыл, одан кейін Кузнецов-директоры болып 1954-тің күзіне дейін істеді.

   1954 жылы аудан орталығына Шет МЖС-і салынды. Алғашқы директоры Русс-деген инженер болды. Ол көп істеген жоқ.  1955 жылдың басында МЖС директоры болып, жаңа арқалық Тұрғанбаев Ерденбай ақсақал келді. Ол кісі үлкенге де, кішіге де ассалау мағалейкум пәленше ақсақал деп амандасушы еді. Бас инженер, тың игеруші. Фищук Герасим Степанович істеді. Е.Тұрғанбаев-1958 жылы Қарағанды шойын құю заводында мамандығы бойынша директор болыпауысқанда, орнына бас инженер Фищук Г.С. директор болып қалды. Бас инженер болып, шеберхана меңгерушісі жас инженер Рақышев Серік тағайындалды.

   Рақышев Серік-1932 жылы Ақсу-Аюлыда туып-өсіп, 1955 жылы Алматы ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығын электрлендіру факультетін қызыл дипломмен бітіріп келіп, МТС-та инженер-механик, шеберхана меңгерушісі болып жүріп, 1958 жылдың қыркүйек ойында құрылған. Шет РТС (ремонтно-техническая станция) 26 жасында Фищук Ленинградқа аспирантураға кеткенде, РТС-қа директор болып сайланды.

   1 сәуір 1961 жылы үш колхоз: Ақсу, Сталин атындағы және Ордженикидзе атындағы колхоздар, Шет РТС-іне қосылып Орджоникидзе атындағы совхоз болып ұйымдастырып, орталығы РТС-тұрған аудан орталығы болды. Алғашқы директоры болып, РТС-те директор қызметін атқарып жүрген Рақышев Серік тағайындалды. Бас инженер ПакН, бас зоотехник Шайхин Шаймұрат , кешікпей Ибраев, бас агроном Нуркеев, бас мал дәрігері Муханбетжанов Кансентрат, бас бухгалтері Маграмов, бас экономист Зылева, шеберхана меңгерушісі Әшкербеков Мәктай, гараж меңгерушісі Байтанасов Медет тағайындалды. Совхозда 500-ге тарта жұмыскер, қызметкерлер болды. Совхоз ұйымдасқанда 5 бөлімше №1 Ақсу, №2 Нұра, №3 Байназар, №4 Ақтөбе және №5 Қайрақты болды.

   №1 Ақсу бөлімшесінде Рақымжанов Төлеуқадыр, №2 Нұра бөлімшесінде Отыншин Төлеуқұл, №3 Байназар бөлімшесінде Махажанов Медет, кейіннен Дәрібаев, №4 Ақтөбе бөлімшесінде Маханбетчин Алпысбай, №5 Қайрақты бөлімшесінде Сүлейменов Мейірхан басқарушы болып істеді.

   Трактор бригадасының бригадирлері:

№1 Ақсуда-Холод кейін Жарқынов.

№2 Нұрада –Хантурин Хамит.

№3 Байназарда-Дюсенбаев К.

№4 Ақтөбеде-Жук .

№5 Қайрақтыда-Айменетов Е.

   1961 жылдың аяғы мен 1962 жылдың басында  №6 Кежек бөлімшесі ашылды. Бөлімше басқарушылығына-Отыншин Төлеуқұл ақсақал жіберілді.

   1961 жылдың қорытындысымен Москваға ВДНХ-ға Балмағанбетов Аманбек, Жұқанов Сәби, Бишке Яков жіберілді.Сол кездегі совхоздың жер көлемі 150722 гектар болса, оның 16802 гектары егістік, 3410 гектары шабындық, қалған 126037 гектары жәйлім еді. 160 гектар суармалы жер болды.

   Алғашқыда совхозда 18000 қой, 3200 бас ірі қара, 712 бас жылқы малы болды. 1970 жылдарға дейін совхоз ет өндіру бағытында болған. Совхоздардыңьәр бағытқа мамандандырылғанда біздің совхозда сүт өндіруге бағыттады. Сүттің жүрген жері өте қиын болды. Жоғарыдан келгендер сүт неге азайып кеткен, майлылығы неге төмен, қышқылдығы неге жоғары деп мамандарға ұрысып жатушы еді. Орта есеппен жылына 1800 тонна мемлекетке сүт өткізіліп тұрды. Жоспар әр жыл сайын асыра орындалды. Жеке меншіктен сүт жиналды.

   1964 жылдың май айында совхозға Искаков Төкім Искакович директор болып келді. Бұған дейін облсельхоз управлениенің кәдір жөніндегі орынбасары еді. Бұл кісі өте білімді, шаруашылық жұмысты жете білетін мамандарға қатаң талап қоятын. Бұрын да колхоз председателі, Жаңарға аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген. Совхозды 13 жыл басқарды. 1977 жылы июль айында зейнеткерлікке шықты. Директор болып, бас зоотехник болып көп жыл істеген Сейілбеков Қуаныштай тағайындалды. Қуаныштай совхозды 10 жыл басқарды. Бұдан кейін совхозда директор жиі ауысты. Олар:

  1. Түсіпов Есенқұл – 1987-1997 жж.
  2. Хамзин Бекежан – 1991-01.1992 жж.
  3. Тлегенов Ермек – 17.07.1992-10.11.1993 жж.
  4. Қасымов Шәкір – 01.1993-1995 жж.   

  1965 жылы Нұра, Байназар бөлімшелері негізінде Кеншоқы совхозы ұйымдастырылып, Ақтоғай ауданына құрады.  1967 жылы Кежек бөлімшесі бөлініп, Ақши совхозы болып Ақтоғайға берілді.

   Орджоникидзе атындағы совхозда 4 бөлімше қалды:

№1. Ақсу-Жумкин С.

№2. Ақтөбе-Ибраев Ж.

№3. Қайрақты-Айменбетов.Е.

№4. Еңбекшіл-басқар. Отыншин.Ш.

   Шаруашылық ықшамдалып, жұмыс өте қызу жүріп жатты. Совхозда азаттар саны көбейіп, көптеген механизатор-малшылар үкімет наградасын алып жатты. Ленин орденін механизаторлар Туғанбаев Сайлау, Төлеукенов Сәмбеттер иеленді. Сәмбеттің шешесі Есмағанбетова  Сталин атындағы колхозда ерен еңбегі үшін Ленин Орденімен марапатталыпты. Сол кездегі газет беттеріне бір отбасынан 2 Ленин Орденді шыққан деп мақала жарияланған.

   Совхоздың мақтанышына айшалған, Қазақ ССР жоғарғы советіне сауынша Қасымова Бақыт, жылқышы Бөлтекеев Шәкіштер депутап болып, бірнеше шақырылым сайланған.

   Қарағанды облыстық советке Литвин Василий, Айменбетов Елеместер депутат болған. Жумкин Серікбай-Қарағанды облыстық партиякомитетінің Пленум мүшесі болып сайланды. Бірнеше орден, медалдардың иегері болды. Орден, медал алғандардың саны жыл сайын көбейіп отырды. Қазақстанның ауылшаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері атағын совхоздың ең қарт адамы №4 Еңбекшіл бөлімшесінің басқарушысы Отыншин Төлеуқұл ақсақал алды. Мұндай атақ совхоз директоры Искаков Төкім Искаковичте да болды. Кейіннен осындай атақ беру тоқтатылып қалдыма? Атақ алды дегенді естігеміз жоқ.

Арінов Әжібек, Ахметов Шойман, Айменбетов Елеместер «Еңбек Қызылту» ордендерімен марапатталды. Ұлы жеңістің 30-жылдығы, 40-жылдығы құрметіне соғыс жылдары еңбек еткендер түгелдей марапатталды.

   Совхоз аудан орталығымен бірге болғандығынан ба, бір жерге кадр, маман керек болса, аудандық партия комитеті алдымен совхозда кім бар екен деп сұрастыра бастайды. Өндіріске тәжірибесі бар білімді де, қабілетті кадрлер Орджоникидзеде атындағы совхоздан жіберіліп тұрды.Мысалға совхозда машина ауласыныңимеңгерушісі болып істеп жүрген Шәкішов Тәңірберген совхоздың бас инженері, кейіннен мелорация басқарушысы, Түлкілі селолық Советінің төрағасы, Казсельхозтехника директорына дейін өсті.С.Төкен совхоз ұйымдасқан жылдары қатардағы механизатор, жүргізуші ғана еді, өзінің еңбекқорлығы арқасында автомеханик, завгар, жұмысшылар комитетінің төрағасы, аудандық комуналдық шаруашылық, Приозерскі қалалық коммуналдық шаруашылықты басқарды.

   Қасымов Шәкір Бакирович колхозда, совхозда жүргізушіліктен автомханик, завгар, совхоздың бас инженері, Талдыда  СпецХозОбединениенің партком секретары болып кидзе совхоздарының директоры болып бірнеше жыл қызмет атқарды.

   Рақышев Бақыт совхоздың бас агрономдығынан, аудандық комсомол комитетінің бірінші сеторы, облыстық партия комитетінің нұсқаушылаған Талды аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып көп жылдар істеді.

   Жумкин Боранбай Исатаевич осы совхозда бас инженер, одан кейін аудандық КазСелхозтехника бірлестігінің бас инженері, Түлкілі селолық Советінің төрағасы, Аудандық ауылшаруашылығының басқармасында бас инженер, басқарма бастығының орынбасарынан басқарма бастығы болып бірнеше жыл істеді.

   Сатыбалдин Мағауия-бізде совхозда зав машдвором болып жүрген жерінен, Ақшатау совхозына бас инженерлікке жіберілді. Ағадыр аудан болғаннан кейін Қызылту совхозының директоры, Ағадыр аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығына дейін жоғарылады.

   Түсіпханов Аман совхоздың бас экономисінен ауылшаруашылық басқармасының бас экономисі, кейіннен Ақшоқы совхозының директорлығына дейін өсті. Сол кезде ел айтып жүрді, Орджоникидзе совхозды, кадрлердің ұстаханасы деп. Совхоздың өз ішінде адрларды іріктеп, өсіру жұмыстары жиі болып тұрды. Мысалға: Сейілбеков Қуаныштай совхозда инженер-электрик еді, содан совхоздың жұмысшылар комитетінің төрағасы, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, көп жыл бас зоотехник, 1977 жылдан совхоз директоры қызметін атқарды. Жылқы фермасының бригадирі Болтекеев Шәкіш, трактор бригадасының бригадирлері Айменбетов Елемес, Төлеукенов Сәмбет, Жумкин Серікбай, зоотехниктер Құсайынов Иманқұл, Құдайбергенов Жанаттар бөлімшелер басқаруға жіберілді. Бқл жұмыстарды бұлар аброймен атқарып, совхоз экономикасының артуына аянбай еңбек етті.

   Совхозда бас маман ретінде Жаздыкенов Төлеген, Скорик Николай Николаевич, Рамазанов Шәкен, Айешов Нестай, Байсарин Қуантай тағы басқа совхоздың экономикасын арттыруда аябай еңбек етті.

   Совхозда тамаша механизатор кадрлар өсіп жетілді. Арінов Әжібек, Ахметов Шойман, Жүнісов Тлеуқұл, Амандықов Бөлекбай, Есмағанбетов Қабиев Серік-кейіннен бригадир, Сүйірбаев Рысбай, Иргебаев Төлеутай, Балтин Көшкінбай, Тимофеев Михаил, Шохабаев Сержан, тағы басқалар ұжымнын мақтанышы болды.  Ол кезде механизатор кадрлер әсіресе тракторист-комбайнер жетіспейтін. Шофер болып істейтін Туғанбаев Сайлау, Ахметжанов Зекен, Янке Герман, Мустафин Рақымжан, Сүлейменов Актан,Ангельд Вили, Мұқашов Нәси, Шохабаев Серік, тағы басқалары көктемде бір ай тракторға отырып, егін салады, күзде осылдардың бәрі машинаны қойып комбайн литурвалына отырып егін оруға қатысады.

   Мал шаруашылығында көптеген малшыларымыз ет, сүт өндіруге, сөйтіп мемлекеттік жоспарды асыра орындауға өз үлестерін аянбай қосып жүрді.Оларды атап айтсақ: Қосыбаев Аманғалы, Тыштықбаев Тәуіртай,Жүкенов Құрмаш, Яров Тлеуқұл, Байтанов Мейрамбек, Кернейбеков Манап, Ыбышев Жаңабек, Шахабаев Социал,Тәжібеков Амангелді, Байжанов Серіктер.

   Аудан бойынша жылқы өсірумен 2-3 шаруашылық қана шұғылданды. Соның бірі осы совхоз. 1500 басқа дейін жылқы болды. Екі табынға бөліп бақты. Қысы-жазы жылқы бағу өте ауыр еді. Ақшоқы мен Кеншоқы адамдары Орджоникидзе жылқышылары жылқыны қойшы соңына еріп жүріп бағады деп күледі білем. Өйтпеске болмайды. Жазда жан-жақтың бәрі егін , шабындық, қыста қасқыр көп, бір тай жеп кетсе төлеп жатады. Бұл салада қажырлылықпен еңбек еткендерді айтсақ. БөлтекеевШәкіш, Тапалов Сембай, Қаппаров Нәкір, Нұржанов Әскербай,Укенов Көшербайлар еді.

   Совхоз еңбеккерлеріне мәдени-тұрмыстық жағдай көрсетуде төрт бөлімшеде 4 клуб, 4 кітапхана, 4 медпункт, 4 бастауыш мектеп жұмыс істеп тұрды. Клуб меңгерушілері, кітапхана меңгерушілері Мешелова Сарқыт, Сартбаева Нәсіп, Әбдібекова Зүбан, Қожабекова Тиштық, Нұркешова Пану совхоз еңбеккерлеріне мәдени қызмет көрсетуде өте жақсы еңбек етті.

   Совхозда сол кезде құрылған комсомол-жастар бригадалар арасында бірге жүріп, еңбек өнімділігін арттыруға ат салысты. «Аққу», «Ақсу» сүт өндіретін жастар бригадасы, мал азығын дайындауда Аринов Әжібек, Төлеукенов Сәмбет басқарған. «Тасқын», «Береке» комсомол жастар бригадалары, аудан, облысқа танымал болды.

   Жылқышылардан құралған «Тұлпар» бригадасы жылқы басын өсіруде мол табыстарға қол жеткізді.

 

                                                                      

 

                                                                                          Байтанасов М.Т.

                                                                                       Қыркүйек 2015 жыл.

 


Келулердің саны: 3845