Жоғары

Шет ауданының білім беру саласы

...

Ауданның білім беру жүйесінде 53 жалпы білім беру мектебі, 5 балабақша, бір оқу-өндірістік комбинаты, үш мектептен тыс мекеме, бір сырттай оқыту мектебі бар. Саланы ұстауға 2013 жылы 2642 млн. теңге бағытталған.

         Жалпы білім мектептерінің 30-ы орта мектеп, 9-ы негізгі, 14-і бастауыш мектептер. 53 мектептің 41-і қазақ тілінде, 11-і аралас, бір мектеп орыс тілінде білім береді. Оқушылар контингенті 7425 бала. Ұлттық біріңғай тестілеуге 2013 жылға 475 түлектің 346-ы (71,5%) қатысқан, орташа балл 62,02 пайыз.

         Мектепке дейінгі жастағы (0-6 жас) балалар саны 4352. Мектептер базасында ашылған шағын орталықтар 33. Осы орталықтар мен балабақшаларда мектепке дейінгі білім берумен 3-6 жас аралығындағы 1604 бала қамтылған, пайызы 79,3.

         Шағын орталықтарды біртіндеп мектеп-балабақшаларға айналдыру жұмысы жүріп жатыр. 2013 жылдың қыркүйек айынан мұндай 3 толық күн бақшалары ашылса, тағы да 2 жерде мектеп-бақшалар ашуға дайындық жасалуда.


Келулердің саны: 4267