Жоғары

Көктіңкөл ауылдық кітапханасы

    Ақадыр ауданына қарасты Көктіңкөл ауылында 1975 жылы  кітапхана ашылды. 2005 жылы Көктіңкөл ауылдық  кітапханасы Шет ауданына қарады. 2005 жылы Көктіңкөл кітапханасында кітап қоры - 9635, оның ішінде қазақ тілінде - 1713 дана болса, жылына 15-16 дана газет журналға жазылады. Осы кітапхана мәдениет үйінде 71 ш/м  орналасқан. 2005 жылдан бастап 2012 жылға дейін кітапханашы қызметін Қ.Дилмаганбетова атқарды. 2012 жылдың тамыз айынан бастап  Г.Токенова 2013 жылдың ақпан айына дейін жұмыс атқарды. 2014 жылдан бастап кітапханашы міндетін Д.Қордабаев атқарды. 2015 жылдан бастап О.Б.Айжанова кітапханашы  болып  тағайындалды.

 


Келулердің саны: 1636