Жоғары

Біріңғай кітап қорын реттеп жинақтау бөлімі

...

Біріңғай кітап қорын реттеп жинақтау бөлімі– жеке қызығушылығы бойынша қызмет көрсету, оқырмандарға құжаттар мен кітаптарды кітапханадан тыс жерлерде белгіленген уақытта қолдануға беретін бөлім. 16-24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтин қызметкері абонемент бөлімінен ақысыз қызмет алуға құқылы.Оқырмандар кітаптарды 10 күн мерзімге үйге 5 данаға дейінгі кітаптарды алуға құқылы және кітапханашының келісімімен 3 рет ұзартылады. Құжаттар мен кітаптар кітапханаға қайтарылған жағдайда «Оқырман кітапшасына» кітапханашының қолы қойылып, кітаптың  қайтарылғандығы  расталады. Абонемент бөлімінің кітап қорын ересек және жасөспірімдер толығынан пайдалана алады. Кітап қоры қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен қатар әр түрлі білім салаларындағы әдебиеттер, оқулықтар, көмекші оқу құралдарынан құрылған.

«Абонемент» бөлімінің  қызметкерлері оқырмандарға кең көлемде әр тақырыптарға байланысты атаулы күндерге, жаңа түскен әдебиеттерге, маман кундерге арналған кітап көрмелер, оқырмандармен әңгіме, шолулар, ақпараттық сағаттар,  оқырмандармен жеке жұмыстар, сауалнамалар т.б мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады.

 Қызметкерлері:


Келулердің саны: 4737