Жоғары

Талды ауылдық кітапханасы

    Талды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2007 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Талды ауылының мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оның көлемі 56 ш/м.

    Кітапханашылары Жуасбай Сәуле Сәулебекқызы, Қасымова Жанар. Білімдері орта арнаулы. Жуасбай Сәуле Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірген. Ауылда 1400 тұрғыны бар. Кітапханада 1010 оқырманы бар. Кітапханада 11234 дана кітап қоры бар. Оқырмандарға кітап берілімі 20000 дана, оқырмандардың келімі 12080. 30 шақты мерзімді ақпараттық басылымдары бар.

    Кітапханада 1 компьютер, 1 телефон, 1 теледидар, интернет іске қосылған. Рабис бағдарламасы орнатылған.

    Жаңа үлгідегі Талды ауылдық кітапханасы 2010 жылдан бастап балалармен «Жас тарихшылар» клубы жұмыс істейді. «Жас тарихшылар» клубы оқырмандардың бос уақытын өткізуге, олардың жалпы қаламгершілік қызығушылықтарын, әр түрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған. Клубтың қызметі: танымдық, насихатшылық және көркем шығармашылық.

    Ел егемендігі ана тіліміздің өркендеуіне қамқорлық жасады, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ана тіліміздің өркендеп, қанат жаюына кітапхана ұжымы өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, Тәуелсіз еліміздің «Қаны да, жаны да тілінде» атты кітап көрме «Тілге құрмет – елге құрмет» атты поэзиялық кеш өткізілді.

    Кітапханашы Word, Excel, PowerPoint программасымен жұмыс істей алады. Сонымен қатар электронды презентациямен қолданылады.

Адресіміз: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды ауылы

 


Келулердің саны: 3487