Жоғары

Бұрма ауылдық кітапханасы

     Бұрма ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді.  Бұрма ауылдық кітапхана 1975 жылы ашылған. Бірінші кітапханашы Гончарова Лира Николаевна жұмыс істеген. 1977 жылы жаңадан мәдениет ғимараты салынып, совхоз кітапханасы осы ғимараттың 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді. 1977-82 жылдар аралығында кітапханашы Гришина Наталья Ивановна жұмыс атқарған. 1983-90 жылдары Надтока Лариса Борисовна, 1990-1993 жылдары Бейзболова Меруерт, 1994-96 жылдары Ахметова Раушан Амангелдинова жұмыс істеген. 1996 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана, мәдениет ғимараты жабылған.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында ауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2005 жылы қайтадан күрделі жөндеуден өткізді. Осы орайда мәдениет үйінің 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді. Оның көлемі    80 ш/м.

Қазіргі таңда кітапханашылары Алпысбаева Сәлима Олжабекқызы, Ғиб   рат Сәуле. Білімі орта арнаулы.

      Алпысбаева Сәлима Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірген. Еңбек өтілі – 5 жыл.

 

 

 

 

      Ғибрат Сәуле білімі жоғары – Қарағанды қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институты, информатика бакалавры. Қазір сырттай бөлімде Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірді. Еңбек өтілі – 4 жыл.

 

 

 

     Кітапханада 11234 дана кітап қоры бар, оның ішінде қазақ тіліндегісі 5659  дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 20000 дана, оқырмандардың  келімі 12080. 30 мерзімді  басылым бар. Кітапханада 1000 оқырманға  қызмет көрсетеді.

Кітапханада 1 түрлі-түсті теледидар, 1 компьютер, 1 принтер, телефон  желісі бар, интернет іске қосылған. Рабис бағдарламасы орнатылған.

Жаңа үлгідегі Бұрма ауылдық кітапханада қызығушылық клубтары мен үйірмелер ашылған. 2010 жылдан бастап балалар «Болашақ» поэзия клубы жұмыс істейді. Клуб екі бағытта жұмыс атқарады. «Қол өнер – мол өнер» және «Жас ақындар» үйірмесі.

«Болашақ» поэзия клубы оқырмандардың бос уақытын өткізуге, олардың жалпы қаламгершілік қызығушылықтарын, әр түрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған. «Қол өнер – мол өнер» көрмесі ұйымдастырылып, көрме клуб мүшелерінің туындысы мен шығармашылық жұмыстарынан жасақталған. «Кестені көңіл сызады,  қол тігеді, көз сынайды», «Үлгісі көптің өрнегі көп, өнері көптің – ермегі көп», «Алтын балдақ – қол сәні, әшекей кесте қол сәні», «Өнер тамған он саусақ, үзілмесін ырысың» осындай тақырыптарда әр түрлі қол өнерлер туралы әңгімелер өткізілді.

Бұрма ауылдық кітапханасы               

Адресіміз: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылы

Телефон: 8-71042-35330

e-mail: burmalibrary@mail.ru


Келулердің саны: 4199