Жоғары

Жұмкин Боранбай Исатайұлы

...

Жұмкин Боранбай Исатайұлы Шет ауданының Орджоникидзе колхозында 1940 жылдың 14 мамырында дүниеге келген.Шет ауданының Құрметті азаматы.

Әкесі Исатай Жұмкин 1910 жылы туған.Ұлы Отан соғысына қатысқан, колхозшы.Өмірден 1990 жылы өтті. Анасы Исатаева Базар 1910 жылы туған, өмірге 7 перзент әкелген, колхозшы, өмірден 1962 жылы өтті.

1959 жылы аудан орталығында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, 1964 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, 1964-1967 жылдары осы Целиноград ауыл шаруашылығы иститутта ассистент болып қызмет істеді.

1967-1969 жылдары Қарқаралы зоотехникалық мал дәрігерлік техникумында аға оқытушы қызметін атқарды.1969-1977 жылдары Шет аудандық «Казсельхозтехника» Орджоникидзе атындағы кеңшарда, аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас инженер-механиктік қызмет атқарды.1977-1986 жылдары Шет ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшылық лауазымында қызмет істеді.1986-1992 жылдары Шет аудандық кәсіпорынында инженер-технолог, бас инженер, Шет аудандық кеңестің іс меңгерушісі, Ақсу-Аюлы ауылдық кеңестің төрағалық қызметінде қызмет істеді. 1992-2005 жылдары Шет ауданының әкімінің бірінші орынбасары, салалық орынбасары, ауданның ауыл шаруашылық басқармасының бастығы лауазымды қызметтерінде болды. 2005-2018жылдары «Шеткөмек» ЖШС кредиттік серіктестіктің төрағасы қызметін атқарды.2018 жылдың қаңтар айынан бастап, осы күнге дейін «Шеткөмек» ЖШС кредиттік серіктестігінің кеңесші қызметінде. Ұзақ жылдар бойы ауданның экономикасын дамытуда өзінің үлесін қосқан, тәжірибесі мол, ауыл шаруашылығы саласында нарықтық қатынастарды еңгізуде көп еңбек еткен аудан басшыларының бірі.Қоғам жұмысына да белсене атсалысқан. Еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, 1958 жылы «Тың жерлерді игерген үшін»,1976 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. 2004 жылы Шет ауданының Құрметті азаматы атағын алды. 2003жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бірнеше дүркін ауылдық, аудандық кеңестің депутатына сайланған.1999 жылы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының алғашқы төрағасы болып сайланған. 1999, 2005, 2011, 2016 жылдары Президенттің сайлауында сенімді өкілі болды. Отбасында үш ұл, үш қыз бала ер жетті.

Мерзімді басылым беттерінде:

Орталық Қазақстан. - 2020. - 4 тамыз (№83). - 4 б.

Шет шұғыласы. - 2020. - 30 сәуір (№18). - 2б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 5 мамыр (№47). - 6 б.

Шет шұғыласы. 26 желтоқсан (№52). - 10 б. - 2019 жыл.

 

 


Келулердің саны: 95