Жоғары

Есілхан Құлжамбеков

       Құлжамбеков Есілхан 1920жылы Жана-арқа ауданының №4 ауылында туған. 1939 жылы Босаға темір жол бекетінде кезекші болып еңбек жолын бастаған.

       1941 жылы қараша айында майданға шақырылып, II Беларус майдан қатарында соғысқа кіріседі, 1942 жылы партия қатарына қабылданады. Калинин, Батыс, 2 Белорус майдандарының қатысушысы, Кенигсбергте (Германия) соғысты аяқтады. 1945 жылдың күзінде майданнан оралды. "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдармен, "III дәрежелі Даңқ", "Қызыл Жұлдыз"ордендерімен марапатталған.

Оның 30 жыл еңбек қызметі Босага станциясымен байланысты. Еңбек жолы Босаға станциясының кезекшісінен басталды, содан кейін 25 жыл бойы станция бастығы болып жұмыс істеді. КСРО Жол қатынастары Министрлігінің Қаулысымен Босаға станциясы 1960 жылы "Жоғары сапалы қозғалыс станциясы" атағына ие болды және бұл жоғары атақты станция 15 жыл бойы сақтады. Сол жылы Құлжамбеков Есілханға "КСРО Құрметті теміржолшысы"атағы берілді.

Мінсіз еңбегі үшін Құлжамбеков Есілхан "Ерен еңбегі үшін", "Еңбек ардагері" және т. б. медальдармен марапатталды.

       1975 жылы 6 мамырда қайтыс болды.

Мерзімді басылымдар беттерінде:

Шет шұғыласы. - 2020. - 28 тамыз (№35). - 2 б.


Келулердің саны: 58