Жоғары

Басқарушы ұйым

Нұрпейісова Мейрамгуль Сансызбайқызы.1987 жылы Қарағанды мәдени ағарту училищесін, 1997 жылы Алматы қыздар        педагогикалық институтының кітапханашы библиограф мамандығы бойынша бітірген. Оқуды бітірген жылы Шет аудандық орталық    кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде кітапханашы болып бастаған. 1988 жылы аудан      жанында  орналасқан Орджонокидзе атындағы совхоздың кітапханасының меңгерушісі, 1992 жылдан аудандық балалар  кітапханасының  әдіскері, 2000 жылдан аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2012 жылдан Шет  аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып қызмет атқарады. 2003 жылы аудан әкімінің "Үздік мәдениет  қызметкері" номинациясының иегері, Облыстық мәдениет басқармасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  "Құрмет грамоталарымен", "Алғыс хаттармен" марапатталған. Жанұялы, үш баланың анасы. Кітапхана саласында бірнеше байқаулардың жүлдегері.


Келулердің саны: 6953