Жоғары

Сұрақ-жауап

Жамбыл Ақылбаев

Сұрақтың мәтіні:

Академик Жамбыл Ақылбаев туралы мақалалар керек еді,қалай табуға болады? Сіздерде электронды түрде (PDF) болса, жібере аласыздарма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Ақназар.

Сіздің сұранысыныз бойынша академик Жамбыл Ақылбаев туралы мақалаларды электронды түрде (PDF) жіберіп отырмыз және осы мәліметтерді кітапхана қорынан, кітапхана сайтынан  http://shetlibrary.gov.kz  осы сайттың сол жақ бетінің «Өлкетану – Ғалымдар»  бөлімінің  ішінде академик Жамбыл Ақылбаев туралы қосымша мәлімет алуға болады. Осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді. 

Ақылбаев Жамбыл

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы [Мәтін] // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).- 6 б.
  2. Біз сені ұмытпаймыз, Жамбыл [Мәтін] // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).- 6 б.
  3. Жәкеш, Ғ. Жерлестерін еске алды [Мәтін] / Ғ. Жәкеш // Шет шұғыласы.- 2009.- 24 желтоқсан.- 4 б.
  4. Жуасбаев, Ө. Бақұл бол, бауырым [Мәтін] / Ө. Жуасбаев // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).- 6 б.
  5. Жұқанұлы, Ш. Асқар тау алыстан көрінеді [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Шет шұғыласы.- 2008.- 27 қараша (№50).- 5 б.
  6. Жүністегі, К. Тебіренген ұлы жүрек [Мәтін] / К. Жүністегі // Шет шұғыласы.- 2008.- 27 қараша (№50).- 5 б.
  7. Қабылдаұлы, С. Халқың барда сен өлмейсің, аға [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).- 6 б.
  8. Өнегелі ғұмыр иесі еді [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2008.- 27 қараша (№50).- 5 б.
  9. Сәулебекова, М. Асыл аға [Мәтін] / М. Сәулебекова // Шет шұғыласы.- 2008.- 27 қараша (№50).- 5 б.
  10.  Шәтекұлы, Қ. Алмас шарт сынады [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).- 6 б.
  11.  Посвящается брату [Текст] // Шет шұғыласы.- 2008.- 27 қараша (№50).- 5 б.

Шет ауданынa 90 жыл

Сұрақтың мәтіні:

Шет ауданының 90 жылдық мерей тойы жөңінде шыққан газеттер бар ма, сіздерде?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Айдана.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Шет ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында және мерейтой жайында шыққан газет мақалалар тізімін ұсынып отырмыз.  Ауданымыздың  90 жылдығында  өткен мерейтойға арналған мақалаларды электронды түрде ұсынамыз.  Қосымша  ақпарат,  материалдар  алғыңыз келсе  кітапханамызға  келіп оқуыңызға болады. Қосымша ақпараттарды кітапханмыздың www.shetlibrary.gov.kz сайтынан оқи аласыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Шет ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында шыққан газеттер:

Мерзімді басылым беттерінде:

1. Бекқожин, Қ. Іскер азамат [Мәтін] / Қ. Бекқожин // Орталық Қазақстан.- Қарағанды.-  2018.- 13 қыркүйек (№101).- 5 б.

2. Жәнібеков, Е. Дамудың даңғыл жолында [Мәтін] / Е. Жәнібеков // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 13 қыркүйек (№101).- 4 б.

3. Жандәулетов, М. Өткені – шежіре, ертеңі – жарқын [Мәтін] / М. Жандәулетов // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 13 қыркүйек (№101).- 4 б.

4. Жонкин, Б. Әкем туралы естелік [Мәтін] / Б. Жонкин // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2017.- 27 қазан (№43). - 12 б.

5. Жұмкеұлы, Б. Арқаның арқалы азаматы [Мәтін] / Б. Жұмкеұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2017.- 29 қыркүйек (№39).- 4 б.

6. Жұмкин, Б. Серіктестік берген серпін [Мәтін] / Б. Жұмкин // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 13 қыркүйек (№101).- 5 б.

7. Жұқанұлы, Ш. Ескірмейтін естелік [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 13 қыркүйек (№101).- 4 б.

8. Мұқаш, Қ. Толағай тағылымы [Мәтін] / Қ. Мұқаш // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2017.- 2 қараша (№121).- 6 б.

9. Смағұл, Е. Шымырлатқан шертпе күйдің шебері [Мәтін] / Е. Смағұл // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 28 маусым (№27). - 5 б.

10. Сыздықов, С. Кеше мен Бүгін [Мәтін] / С. Сыздықов // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 16 ақпан (№08).- 1 б.

11. Мұқаев, Ш. Аймақты жырмен тербеді [Мәтін] / Ш. Мұқаев // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 3 мамыр (№19). - 3 б.

12. Ысқақ, А. Торқалы тойға тарту [Мәтін] / А. Ысқақ // Орталық Қазақстан, 2018.- 13 қыркүйек (№101).- 5 б.

 

Шет ауданының 90 жылдық мерейтойы жайында шыққан газеттер:

Мерзімді басылым беттерінде:

 

1. Әлиман, Ж. Шеттің тойы – көптің тойы [Мәтін] / Ж. Әлиман // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 18 қыркүйек (№103).- 6 б.

2. Дәулетбекұлы, М. Аюлының баурын жырға бөлеп, тойы өтті ауданымның елден ерек [Мәтін] / М. Дәулетбекұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы,          2018.- 20 қыркүйек (№39).- 1-5 б.

3. Нұрпейісова, М. Кітаптарды тарту етті [Мәтін] / М. Нұрпейісова // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2018.- 27 қыркүйек (№107).- 1 б.

4. Туған жерде ту тіккен мерейлі той [Мәтін] // Шет өңірі.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 20 қыркүйек (№36).- 1 б.

Зейнолла Игілікұлы

Сұрақтың мәтіні:

Зейнолла Игілікұлы туралы мәліметтерді электронды түрде(PDF) бере аласыздарма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Алтай.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Зейнолла Игілікұлы туралы газет мақаларын электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз. Осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді. 

Игілікұлы Зейнолла

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Әбдиева, Ш. Асыл бейнең азаттықты аңсаған [Мәтін] / Ш. Әбдиева  // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2008.- 13 қараша (№48).- 4 б.
  2. Мусин, М. Асыл аға [Мәтін] / М. Мусин // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 20 сәуір (№17).- 3 б.
  3. Рашидұлы, Е. Маған ыстық сол күндер [Мәтін] / Е. Рашидұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2006.-19 қазан (№43).- 5 б.

календарь знаменательных дат на год 2019

Сұрақтың мәтіні:

здравствуйте есть ли календарь знаменательных дат на год 2019

Жауап:

Здравствуйте. Приносим свои извинения за столь поздний ответ. Пройдите по ссылке 

Сеңкібай Оразғұлұлы

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Өлке батыры Сеңкібай Оразғұлұлы туралы мақалалар электронды (PDF) түрінде керек еді?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Айкүміс.

Сіздің сұранысыныз бойынша өлке батыры Сеңкібай Оразғұлұлы туралы мақаларды электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз. Осы мәлімет сіздің электронды поштанызға жіберілді. 

Оразғұлұлы Сеңкібай

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Жаңқашұлы, Ж. Елдің пірі, ұрпақтың мақтанышы [Мәтін] / Ж. Жаңқашұлы // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2009.- 17 қыркүйек (№141).- 6 б.
  2. Жүкібай, М. Ұлы баба тұлғасы ұрпақ жүрегінде [Мәтін] / М. Жүкібай // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2006.- 14 қараша (№49).- 4 б.
  3. Мәкенбайұлы, К. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған [Мәтін] / К. Мәкенбайұлы // Қарқаралы.- 1992.- №7/8.- 3-11 б.

Соңар

Сұрақтың мәтіні:

Ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер жайлы мағұлмат бармекен?

Жауап:

  Cәлеметсіз бе, құрметті Алдияр.

Сіздің сұранысыңыз жайында ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер  жайлы және әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылым тізімдерін жіберіп отырмыз.Осы әдебиеттер тізімдерінен ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер Тілеуғабыл Есенбеков пен Әліп Төребеков жайлы оқи аласыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Шет ауданы бойынша шетелге барған бүркітшілер:

  1. Есенбеков Тілеуғабыл
  2. Төребеков Әбіш

Есенбеков Тілеуғабыл

Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Тілеуғабыл Есенбеков бүркітішілер ұрпағы. Ол бүркітшілер арасында өткізілген «Салбурын» халықаралық байқауын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Ақсақал бүркітпен аң аулауға арналған түрлі жабдықтарды мұрайжайға табыс етті: томаға, балдақ, жем сапты аяқ, аңға арналған киім, кітаптар мен түрлі халықаралық байқаулардан жиналған суреттер. Ол өзінің топтамасын бірнеше жыл бойы жинаған. «Бұл менің рухани жаңғыру бағдарламасына қосқан аздаған үлесім», – дейді өмірінің 30 жылын бүркітшілікке арнаған азамат. Ол Аустрияға құсбегілер жарысына отбасымен барып, қазақтың төл өнерін паш етті және Арқа жерінде бүркітшілер мектебін ашты.

Деректі фильмдердің өзі де бірталай түсірілген. Бір топ нөкерлерімен Австрияға ұшып барып, талай уақыт жатып, қазақтың саяткерлік өнерін паш етіп қайтты. Зальсбург, Розенбургте саятшылықтан шоу өткізіп қайтты. Бүркіт, ат тәрбиелеп баптады.

 

Тілеуғабыл Есенбеков жайында мына әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылымдар тізімдерінен оқи аласыз:

 

  1. Асқар, Н. Қыс қызығы - қансонар[Мәтін] / Н. Асқар // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2012.- 16 ақпан (№27-28).- 8 б.
  2. Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] : мақалалар, деректер / К. Жүністегі.- Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 262-263 б.
  3. Мұқаш, Қ. Салбыруын [Мәтін] : (Таңсәріден іңірге дейін) : роман-эссе / Қ. Мұқаш.- Қарағанды : Арко, 2013.- 240 б.
  4. Тойшыбек, Б. Құсбегі [Мәтін] / Б. Тойшыбек // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2013.-14 қараша (№46).- 5 б.
  5. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 163 б. 

 

                                                                            Төребеков Әліп

 

Құсбегілік өнермен 1997 жылдан бастап тұрақты айналысады. Ұлттық ат спорт түрлері бойынша ОБЖ «Қайрат» мектебінде «Саят» бөлімінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, спорт шебері. 2007 жылы шілде айының 14-15 күндерінде өткен Ұлыбритания елінде Лондон қаласында өткен дүниежүзілік құсбегілер фестивалінде 33 мемлекет арасынан I – орын жүлдегері атанды.

Қазақтың төл өнері қыран бүркітті баптап, насихаттап үлесін қосып жүрген азамат. Саятшылықтан «Сонар – 2012» және Алматы қаласында Әбен Тоқтасынұлын еске алуға арналған Қазақстан Республикалық жарыста I – орын иеленді.

 

Әліп Төребеков жайында мына әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылымдар тізімдерінен оқи аласыз:

  1. Әлбозым, Д. Қазақ бүркітшілігінің әліппесі [Мәтін] : / Д. Әлбозым .- Алматы: Қазақпарат, 2013.-231 б.    
  2. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 357 б. 

 

 



 

 

 

 

 

 




Ботай Байзақов

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр Ботай Байзақов туралы өмірі мен мақалалар деректері электронды түрде керек еді.

Жауап:

   Сәлеметсіз бе, Назерке ханым.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, Даңқ орденінің толық иегері Ботай Байзақов туралы өмірбаянын және мерзімді басылымдардағы мақалаларын электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді. 

 

Байзақов Ботай

ӨМІРБАЯН

 Байзақов Ботай 1922 жылғы 23 ақпанда Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданының Энгельс атындағы шаруашылығы аумағындағы, шаруа отбасында дүниеге келген. Байзақов Ботай Қарағанды қаласындағы Жамбыл орта мектебінде оқып, бес сыныптық білім алады. Еңбек жолын Шет ауданының «Нұраталды» совхозында жұмыскер болып бастайды.

1942 жылдың 25 маусымында Шет ауданының әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылады. Осы күннен бастап Байзақов үшін әскери өмір басталады. Ботай Байзақов алғашқы соғыс қимылдарына барлаушы ретінде Москваның Оңтүстік батысындағы аудандарда қатысады. 286 – шы атқыштар дивизиясының 860 полкінде пулеметші, бронь талқандаушы (РПТР бағыттаушысы) және атқыштар бөлімінің командирі болады. Соғыста батырлық пен батылдық танытып, қандай тапсырма болсын жанқиярлықпен орындап, көзге түсті. Белорус майданында, Друть өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, ал 220 биіктік үшін болған соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Соғыстағы ерліктері үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Сұрапыл соғыс уақытында Ботай Байзақовқа III дәрежелі Даңқ ордені екі мәртебе берілген. Негізінде, Даңқ орденінің статусы бойынша ең алдымен үшінші, екінші, соңында бірінші дәрежелі орден тапсырылуы керек еді. Бұл қателік 39 жылдан соң түзетіліп, Ботай Байзақовқа 1984 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша I дәрежелі Даңқ Ордені табыс етіледі. Ол орден Германия жеріндегі танктерді жойғаны үшін берілді. Осылайша Ботай Байзақов Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Қаһарман жауынгер 1946 жылы әскер қатарынан босаған соң еліне, «Нұраталды» шаруашылығына оралып, өмірінің ақырына дейін осында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Батыр құрметіне Нұраталды ауылында бір көше Ботай Байзақов көшесі деп аталады. Ботай Байзақов 1995 жылдың 22 тамызында қайтыс болды. Нұраталды ауылдық округінде, Шопа селосында жерленген.

 Әдебиеттер тізімі:

  1. Салауатов, Т. Байзақов – Даңқ орденінің толық иегері [Мәтін] / Т. Салауатов // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2005.- 17 қыркүйек (№155).- 3 б.
  2. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 120-121 б. 
  3. Байзаков Ботай [Текст] : [К 70-летию Победы] // Индустриальная Караганда.- 2014 .- 23 августа (№147-148).- С.3
  4. Солдаты Победы. Карагандинцы в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. [Текст] : 70 летию Великой Победы посвящается / Карагандинский областной совет ветеранов.- Караганда: Карагандинская Полиграфия, 2015.- С.423

 

 

Байзақов Ботай

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Салауатов, Т. Байзақов – Даңқ орденінің толық иегері [Мәтін] / Т. Салауатов // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2005.- 17 қыркүйек (№155).- 3 б.
  2. Байзаков Ботай [Текст] : [К 70-летию Победы] // Индустриальная Караганда.- 2014 .- 23 августа (№147-148).- С.3

 

 

 

 

 

 

 

 

Шортанбай жырау

Сұрақтың мәтіні:

Шортанбай жырау өлеңдері керек еді

Жауап:

Құрметті Қаракөз. Сіздің сұранысыңыз бойынша жырау Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

 

Қанайұлы Шортанбай өлеңдері:

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Қабылдаұлы, С. Шортанбайдың Жанғұттыға айтқан ақтық сөзі [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Қауырсын, 2008.-11-12 қыркүйек (№10-11).- 14 б.
  2. Қанайұлы, Ш. Заманың кетті баяғы [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 19 сәуір (№17).- 1 б.
  3. Қанайұлы, Ш. Зар заман [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 16-29 б.
  4. Қанайұлы, Ш. Қай заман [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 12 сәуір (№16).- 1 б.
  5. Қожабеков, Р. Шортанбай жырау Қанайұлы [Мәтін] / Р. Қожабеков // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 1989.- 17 желтоқсан (№289).- 2 б.
  6. Сағымбеков, Р. Шортанбай жырау Қанайұлы [Мәтін] / Р. Сағымбеков // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 11-15 б.

Сүлейменов Рымқұл

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіз бе! Маған жазушы Рымқұл Сүлейменовтың әдебиеттерінің тізімі және Р.Сүлейменов туралы мақалалар (мерзімді басылымдар) тізімі керек еді.

Жауап:

  Cәлеметсізбе, құрметті Асел.

Сіздің сұранысыңыз бойынша жазушы Рымқұл Сүлейменовтың әдебиеттер тізімін және Сүлейменов туралы мақалалар,яғни мерзімді басылымдар тізімін ұсынып отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Сүлейменов Рымқұл

Әдебиеттер тізімі:

Шығармалары:

  1. Сүлейменов, Р.  Алашым – аңсағаным [Мәтін] : повесть, әңгімелер мен новеллалар  /  Р. Сүлейменов .-  Қарағанды:  Қарағанды, 1991.- 264 б.
  2. Сарыарқа саңлақтары [Мәтін] : Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы.- Павлодар:  ЭКО  ҒОФ, 2007.- 316 б.
  3. Сүлейменов, Р.  Жан шуағы [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Р. Сүлейменов.- Алматы:  Айдана, 2008.- 448 б.
  4. Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Р. Сүлейменов;  Қарағанды  облысының  әкімдігі.- Астана:  Фолиант, 2014.- 320 б.- (Сарыарқа кітапханасы)

 

Мерзімді басылымдар беттерінде:

  1. Жүністегі, К. Жазушы шыңы [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 18 мамыр (№21).- 3 б.
  2. Жұқанұлы, Ш.  Алаштың азаматы [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 5 қазан (№41).- 4 б.
  3. Рымқұл Сүлейменов [Мәтін] : некролог // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2007. - 21 сәуір (№ 60-61).- 7 б. 
  4. Жанысбай, С. Жаныңды шуаққа бөлеген [Мәтін] / С. Жанысбай  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2008.- 30 қыркүйек (№151).- 4 б. 
  5. Жанысбай,С. Бәріміз құрметтеген Рекең [Мәтін] / С. Жанысбай //  Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2012.-21 сәуір (№66-67).- 6 б. 



Дербісалы Айдаболұлы

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Маған өлкенің батыры Дербісалы Айдаболұлы туралы мақалалар электронды ( PDF ) түрінде керек еді.Рахмет.

Жауап:

 Сәлеметсізбе Гульназ! Сіздің сұранысыңыз бойынша өлкенің батыры Айдаболұлы Дербісалы туралы  газет беттеріне шыққан мақалаларын электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз.

Айдаболұлы Дербісалы

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Әрінұлы, М. Дербісалы батырға ас берілді  [Мәтін] / М. Әрінұлы // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2013.- 25 маусым (№105).- 4 б. 
  2. Дербісалы батыр қоры ашылды [Мәтін] / Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.- 26 сәуір (№17).- 5 б.
  3. Дербісалы батыр толғауы [Мәтін] / Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.- 11 қаңтар (№2).- 5 б.
  4. Жақсыбекұлы, С. Ардақара [Мәтін] / С. Жақсыбекұлы  // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.-14 маусым  (№24 ) .- 5 б.
  5. Қабылдаұлы, С.  Баба басындағы бәтуа [Мәтін] / С. Қабылдаұлы  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2006.- 28 қараша (№199).- 8 б.
  6. Құлсарықызы, Г. Дербісалы батыр [Мәтін] / Г. Құлсарықызы  //  Шет  шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2008.- 3 шілде (№29).- 5 б.
  7. Мұсатай, Ғ.  Арқаның атақты батыры [Мәтін] / Ғ. Мұсатай  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2007.- 3 сәуір (№18).- 4 б.