Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Орталық кітапханаға ауданымыздағы іргелі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 7-8ші сынып оқушылары кітап әлеміне саяхат жасап кітапхана өмірімен танысуға арнайы келді.

Орталық кітапханаға ауданымыздағы іргелі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 7-8ші сынып оқушылары кітап әлеміне саяхат жасап кітапхана өмірімен танысуға арнайы келді.

Даналық атты патшалықты тіреп тұрған құнды дүние ол – кітап. Гауһар сөзді, жауһар дүниелерді жиып терген құндылық. Адамның ұшқыр ойлары мен қиялының, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Бүгін орталық кітапханаға ауданымыздағы іргелі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 7-8ші сынып оқушылары кітап әлеміне саяхат жасап кітапхана өмірімен танысуға арнайы келді.
Ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншектерге кітапхана қызметкерлері де дән риза болып құшақтарын ашып,қарсы алды.
Кітапхана ішіндегі оқу залы,кітап қорын реттеп жинақтау,әдістеме және библиография бөлімдермен таныстырды.
Жас оқырмандарымыздың келген жолына зейіндері артсын деп биылғы атаулы жылдағы ақын,жазушы,драматург Қалижан Бекхожин Нұрғожаұлының туғанына 110жыл толуына орай «Өз заманының өршіл ақыны»атты поэзия кеші ұйымдастырылып өтті.
Шара барысында ақынның өмірінен сыр шертетін «Ақиық ақын»атты бейнеролик көрсетіліп, «Өлеңмен өткен өрлерім»атты кітап көрмесі таныстырылды.
Оқырмандар өз ара пікір алмасып,ақын жайлы сұрақтарға жауап берді.
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ұлағатты ұстазы Сағындықова Айгерім кітапхана ұжымына алғыс білдіріп,шығармашылық табыс тіледі.
Қасиетті қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері.