Наверх

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 1 күні «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты әдеби- сазды кеш өтті. Кештің мақсаты қазақтың қара домбырасының үн-күйін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы, ата – бабалар тастап кеткен асыл мұраны жалғастыру. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Кітап көрмесі қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылармен толықты.

Тағы суреттер


Количество посещений: 258