Наверх

Сфера культуры Шетского района

...

ҚР мәдени мұра бағдарламасын; нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес жүргізу жөніндегі өңірлік бағдарламаны орындау және іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану мақсатында мәдени-бұқаралық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі.

Шет ауданының мәдениет саласының инфрақұрылымын 55 объекті құрайды. Аудан халқына 2 халық театры (Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр кентінде), 1 «Ақсу-Аюлы» халықтық ән-би ансамблі, 1 фольклорлық «Ақадыр әуендері»  ансамблі, 28 кітапхана, оның ішінде 9-ы «Жаңа үлгідегі» кітапханалар, 2 «Зерде» бейнемобилі, 2 мәдени-сауық орталығы (аудандық және Ақадыр кенттік), 23 клубтық үлгідегі үйлер, 1 мұражай филиалымен өз қызметтерін көрсетеді.

Аудан бойынша 2 мәдени-сауық орталығы бар:

1) Шет аудандық мәдени-сауық орталығы;

2) Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы.

            

 

         «Шет аудандық мәдени-сауық орталығы» КМҚК-ны құрылған. Орталыққа 24 ауылдық мәдениет және клуб үйлері қарайды.

1)    Аудандық мәдениет үйі.

Құрылған жылы  – 1975 жыл

Мекен-жайы - 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Ақсу-Аюлы ауылы, Жанғұтты би көшесі, 39

Жалпы аумағы   – 1325,8 м2

Жобалық аумағы  –  300 орындық,

орындықтар саны  – 271

Қызметкерлер саны  – 40

Жабдықталуы: – сапалы музыкалық аппаратура, LED экран, бейне бақылау жүйесі «Зерде» мобилі, автобус.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Республика Үкіметінің саясатын қолдап, өз алдында бірінші кезектегі міндеттерді қояды:

  1. тұрғындардың барша топтарына қолжетімді, мерекелік, концерттік, ойын-сауық іс-шараларын қамтамасыз ету;
  2. аудан тұрғындарын мәдени-демалыс қызметіне тарту;
  3. жұмыстың түрлі нысандарын, әдістерін қолданып, іс-шаралар жүргізу;
  4. жастардың әлемге деген көзқарасын интернационализм, Отанға, оның жетістіктеріне деген сүйіспеншілік рухында қалыптастыру;
  5. өткізетін іс-шараларда дәстүрлі халық шығармашылығын дамыту және жетілдіру, т.б.

         Республика Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасын, тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын

         Аудандық  мәдениет үйі жанынан 1975 жылы Ақсу-Аюлы ән-би халықтық ансамблі құрылған. 1996 жылдың қазан айында республика байқауда «халық ансамблі» атағына ие болды. Ансамбльді ұйымдастыруда Алматыдан әнші-композитор Ә. Бейсеуов, ақын С. Сейтқазин шақырылып, үлкен жұмыстар атқарылды (1975). Аудан өнерпаздары ішінен әнші, биші, күйшілер іріктеліп алынды. Ансамбльді құруға Төлеубай Әбдіғалиев, сонымен қатар М. Омаров, С. Түсіпбеков, Ы. Төлегенов, А. Рашитов, К.Қасымбекова, С. Каппарова, 3. Сүйіндікұлы, Г. Ошақбаева, М. Медеуова, Б. Өтегенова т.б. атсалысты. Ансамбльдің табыстары теледидардан жиі көрсетіліп, жемісті еңбектері насихатталып отырды. Абай әндерін насихаттауда облыстық «Ұлытау үні» фестивалінің лауреаты, ансамбль әншілері А. Мұқашевтың, Б. Қойшыбаевтың, Е. Түсіпбековтің қосқан үлесі қомақты. Шет ауданы жерінде өткізіліп тұратын бүркітшілердін халықаралық «Салбуырын» сайысында ансамбль арнайы концерттік бағдарлама әзірлеп, облыс, республикадан және шетелдерден келген қонақтарға мәдени қызмет көрсетіп, ризашылыққа бөленді. Халық ансамблі жерлес ақын Маясар әндерін, күйші Қыздарбек, Сембектердің күйлерін дәріптеуде қосып жүрген үлесі аса елеулі. Ансамбльдің репертуары сан алуан. Ансамбль реперпуарынан қазақ халқының жұртшылықка кең танымал сазгерлерінің әндері мен күйлері: ҚұрманғазыТәттімбет,  Әбди, Динаның күйлері, Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов және жергілікті композиторлардың әндері орын алған. Сонымен қатар, мәдениет үйі жанынан «Атамекен»  ансамблі, «Аюлы» квартеті, «Назерке» әншілер тобы,  әзіл-сықақ отауы мен «Өркен» эстрадалық тобы құрылған.

         2) Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы.

Мәдениет үйінің орналасқан мекен – жайы: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Тұякова көшесі – 10.

Мәдениет үйінің ғимараты 1977 жылы тамыз айында пайдалануға берілді.Ғимарат ынғайластырылған бір қабатты, алатын алаңы – 986,3 ш.м. «АстанаМоторс» кино-жабдығы, бейне  бақылау жүйесі, шағын автобусы бар

Мәдениет үйінде 235 орынды көрермендер залы, киім сақтайтын, дайындық жұмыстарын жүргізетін, дыбыс–жазу студия бөлмесі және қызметкерлер жұмыс жасайтын кабинеттер бар.

Мәдениет үйінде 8 үйірме ұжымдары жұмыс істейді; онда 180 адам қамтылған, 2 ұжым «Халықтық»:

-                     халық театры ұжымы

-                     халықтық «Ақадыр әуендері» ұлт аспаптар ансамбілі

Мәдени – сауық орталығының кент жұртшылығына мәдени–қызмет көрсетудін негізгі бағыттары:

-                     Халыққа көрсетілген мәдени қызметтің жариялылығын арттыру;

-                     Мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы ұлттық тәрбие дәстүрлерін қалыптастыру;

-                     Мәдени – сауық орталығы жұмыстарына методиқалық  жаналықтарды үнемі енгізе отырып, олардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне қол жеткізу;

-                     Мәдени – сауық орталығының материалдщық техникалықбазасын жақсарту;

-                     Халыққа корсетілетін мәдени қызметтің денгейін арттыру;

-                     Халықтың атақ алған өнер ұжымдарының жұмысын жандандыру;

-                     Халық арасында шыққан талантты жастарды өнерге тарту, өнерді дамыту.

Ақадыр мәдени-сауық орталығында төмендегіндей көркем өнерпаздар ұжымы жұмыс жасайды: халық театры, «Ақадыр  әуендері» ұлт аспаптар ансамбілі, «Балдаурен» бишілер тобы, «Асыл мұра» ардагерлер хор ұжымы, «Сударушки» орыс ұлттық ансамбілі, «Ақ әжелер» ансамбілі, «Дәстүрлі ән» және вокал үйірмесі.

         «Асыл мұра» ардагерлер хор ұжымы және «Сударушки» орыс ұлттық ансамбілі бірнеше рет облыстық аудандық фестиваль, байқаулардың лауреаты атанды.


Количество посещений: 5693