15-мамыр халықаралық отбасы күні.
-
Күні: 16:05:23
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. О ата-анам, Бар бақытты бір басына тіледім. Бізді жақсы болса екен деп қашанда Лүпілдейді сенің қамқор жүрегін. -дей отыра «Отбасы адамгершіліктің алтын қазынасы» атты сыр-сұхбат кеші өтті.
Сыр сұхбат кешіміздің қонақтары Есмағамбетовтар және Нұрмағамбетовтар отбасы. Аудандық орталық аурухананың «Салауатты өмір салты» дәрігері Хасенова Назерке Қазболатқызы «Салауатты өмір салты-отбасынан басталады» жайлы мәлімет оқыды.Кеш барысында аналарға, балаларға сұрақтар қойылып, Мейрамбай Айсұлтан Талғатұлы «Туған жер» әнің шырқады. Кітапхана қызметкері Молдабеков Думан «Ана туралы» әнің шырқап, экраннан отбасы жайлы бейнеролик тамашаланды.Кеш соңында кітапхана орынбасары Рыскүл Досанқызы кеш қонақтарын мерекемен құттықтап, мерекеге орай әр отбасыға кітапхана ұжымының атынан сыйлықтар табысталды.