986жылы 26 сәуірде әлемді дүр сілкіндірген Украинадағы Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 37жыл толуы
1986жылы 26 сәуірде әлемді дүр сілкіндірген Украинадағы Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 37жыл толуына орай,аудандық орталық саябақта орналасқан Чернобыль апатын залалсыздандыруға ат салысқан ардагер батырларға арналған ескерткіш тақтаның алдында
“Ғасырдың техногендік апаты”атты ақпараттық сағат өткізілді.
Аталмыш шараға Ж.Ақылбаев мектебі ішінен құрылған “Жас сарбаз”сыныбының оқушылары қатысты.
“Чернобыль апатының жаңғырығы”атты кітап көрмесі көрсетіліп,апаттың зиянды зардабы,залалы туралы кең мағлұмат берілді.
Шара соңында “Жас сарбаз”сыныбының жетекшісі Ж.Ақылбаев мектебінің ұстазы Саят Жұмажанұлына сөз беріліп,
Чернобыль апатының тарихы жайлы және оның салдарын жоюға ауданымыздан аттанған батырлардың ерлігін айтты.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан отандастарымыздың ерлігі мен жігері ешқашан ұмытылмайтыны келешек ұрпақтың жадында қалатыны сөзсіз.