«Ақниет» әжелер клубы ашылды
-
Күні: 31:01:24
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
Шет аудандық орталық кітапханада алтын құрсақ аналардың қатысуымен «Ақниет» әжелер клубы ашылды. Клубтың алғашқы отырысы дөңгелек үстел форматында өтті.
Шет аудандық орталық кітапханада алтын құрсақ аналардың қатысуымен «Ақниет» әжелер клубы ашылды. Клубтың алғашқы отырысы дөңгелек үстел форматында өтті.
Жиын барысында клубтың атқаратын жұмыстары мен мақсат-міндеттері, оның қоғамда алатын орны туралы, оқырмандарға тиетін пайдасы жөнінде кеңінен талқыланды.
Ұлтымыздың жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарын, ертегілерін және басқа да көзден таса қалған асыл қазынасын алдағы уақытта ақ әжелер жіті қолға алмақ ниетте.
Келелі бастамаға құтты болсын айтып, істеріңіз оңынан болып, жұмыстарыңыз жемісті болсын демекпіз.