Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

«Арулар – асыл жандар»

«Арулар – асыл жандар»

Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай кітапхана төрінде «Ана –мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты кездесу кеші өтті. Оған кітапхананың ойлы оқырмандары мен он саусағынан өнер тамған іскер аналар, ару қыздар мен қылықты келіншектер арнайы шақырылды.

Кеш шымылдығын кітапхана директоры Мейрамгүл Сансызбайқызы құттықтау сөзімен ашты. Ыстық-ыстық лебізін ақтарып, қатысушыларға әйел бақытын тіледі.
«Ән көңілдің ажары» демекші, шарада әуелете ән шырқалды. Кітапхана қызметкері Д.Молдабековтің орындауындағы әсем ән қонақтарға еркеше көңіл-күй сыйлады.
Өнерлі оқырмандарымызға жұмбақ жасырылып, зерделі ойындар ойнатылып, шараның көрігі қыза түсті.
Қонақтарымыз да өз-ара ән айтып, кештің әсем өтуіне ат салысып отырды. Кітапхана ұжымына деген алғысын да жасырған жоқ.
Оқырмандарымызға кітапхана атынан мерекелік сыйлық таратылып, алғыс білдірілді.
Сазды әуенге толы кешке келген қонақтар үлкен әсермен қайтты десек, қателеспейміз.