Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым

Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым

Жауынгер интернационалист күніне орай аудандық орталық кітапхана мен музей ұжымы бірлесе ұйымдастырылған «Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым » атты кездесу кеші өтті.

Жауынгер интернационалист күніне орай аудандық орталық кітапхана мен музей ұжымы бірлесе ұйымдастырылған «Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым » атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне ауған соғысының ардагері және жастар ресурстық орталығының басшысы музей қызметкерлері, агротехникалық колледж, мектеп оқушылары қатысты. Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шаҺарының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман- сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист- жауынгер ағамыз, ауданымыздың тұрғыны Әбітаев Қайырберлі Игенұлының қатысуымен өтті. Шара әнұранның орындалуымен басталып, Ауған соғысы жайлы мәліметтер айтылып, ардагер ағамыз келген қонақтармен ауған соғысындағы естеліктермен, өз басынан кешкен оқиғалармен бөлісті. Қатысушы қонақтар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, айтулы шараға қатысқан «Шет аудандық Жастар Ресурстық орталығының» басшысы Боранбаев Темірлан ардагер ағамызға алғысын білдіріп, сый-сияпат табыстады. Жауынгер интернационалист күніне арналған «Азат елдің айбыны»атты кітап көрмесі таңыстырылып, насихатталды.«Боздақтар бейнесі жадымызда» атты бейнефильм көрсетілді. «Арай»студдиясының шәкірттері патриоттық әндер айтып, кітапханашы Б.Копбаев және мектеп оқушылары арнау өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш қонақтарына музей басшысы Д.Қамытбаева алғысын білдіріп, ардагер ағамызға естелік силығын табыстады.