Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

"Бір-ел, бір- кітап" акциясы аясында "Жазушы қаламы-оқиғалар ғаламы" тақырыбында библиографиялық сабақ өтті.

"Бір-ел, бір- кітап" акциясы аясында "Жазушы қаламы-оқиғалар ғаламы" тақырыбында библиографиялық сабақ өтті.

7 сәуір күні орталық кітапханада библиография бөлімінің ұйымдастыруымен "Бір-ел, бір- кітап" акциясы аясында "Жазушы қаламы-оқиғалар ғаламы" тақырыбында библиографиялық сабақ өтті.

Библиографиялық сабаққа Шет агро-техникалық колледждің студенттері қатысты. Шара барысында студенттерге "Бір-ел, бір-кітап" акциясы және Төлен Әбдіковтың шығармалары жайында мағлұмат берілді. "Рухы биік қаламгер" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, "Әдебиет әлеміндегі қазақ қаламгері" тақырыбында видео ролик көрсетілді. Тақырып аясында студенттермен ойындар ойналып, тапсырмалар орындалды. Библиографиялық сабақ мағлұматтарға бай, тағылымы мол шара болып өтті.