Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Қамиев Дидар Жанатұлымен «Айтыстың ақтаңгері»атты кездесу кеші өтті

Қамиев Дидар Жанатұлымен «Айтыстың ақтаңгері»атты кездесу кеші өтті

Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал,кітапхананың тіршілігіне жан беретін ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-ол әрине кітапханашылар.Бүгін Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жерлесіміз,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,жыршы-термеші,айтыскер ақын, Қамиев Дидар Жанатұлымен «Айтыстың ақтаңгері»атты кездесу кеші өтті.Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ахметов Асхат Жанатұлының құттықтау сөзімен басталып,оқушыларға экраннан ақын жайлы оның отбасы туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді.Аудандық балалар кітапханасының қызметкері Думан Молдабеков өлкеге байланысты «Аюлы вальсі» әнін шырқадыҰстазы жақсының ұстамы жақсы»дейді дана халқымыз. Шәкірт алдында беделі бар ұстазға онымен қашан да жұмыс жасау оңайға тиеді. Өйткені, шәкірт өзінің ерекше сыйлап, мақтан тұтатын ұстазының айтқанын екі етпей орындап, қайтсе де көңілінен шығуға барын салып тырысады.Ақынның шәкірттері М.Фатихсұлтан мен А.Нұрайым ұстаздарының алдында мерейін үстем қылып өзі үйреткен жалынды жырларын тарту етті. Төл өнер айтыс жайлы,кітап және балалығы,ұстаздары туралы қойылған сауалдарға шынайы жауап беріп қызықты оқиғаларын айтып,әдемі кештің өтуіне себепші болған ақынға кітапхана директоры М.Нүрпеисова кітапхана ұжымының атынан алғыс айтып «табаныңыз таймасын,алар асуларыңыз көп болсын»- деп,сувинерлік тұлпарды сыйға берді.Кеш қонағы болып келген Дидар сөз соңында ыстық лебізін білдіріп қонақ кәде ретінде кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға Майлықожаның «Ата-ананың қадірі»атты термесін нақышына келтіріп орындап берді.Мектеп оқушылары мен ұстаздар және кітапханашылар кеш қонағымен естелік суретке түсіп көңілді тарқасты.